
|
Дене шынықтыру және спорттың ілімдері мен әдістемелері
кафедрасының 05.09.2011-09.09.2011 аралығында өткен
спорттық іс-әрекеттері жөнінде ақпарат
І) 01.09-04.09.2011ж аралығында Шымкент қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының кубогі үшін жарыс өтті. Ол жарысқа "Дене шынықтыру және спорттың ілімдері мен әдістемелері" кафедрасының студенттері:
1. Салықбаев Д. ЕЗ-343
2. Самкенов Н. Е-243
3. Сейпілұлы А. Е-247у
4. Қыздарбеков Д. ЕЗУ-343, топ студенттері қатысып, командалық есепте І - орынға ие болып, Қазақстан Республикасы кубогінің иегері атанды.
ІІ) 07.09.2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының конференц залында облыстық қазақ күрес федерациясының президенті болып Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, т.ғ.д., профессор М.Ғ. Ескендіров мырзаның сайлануына байласынты, Семей қаласының қазақ күресі жаттықтырушылары және палуандарымен пресс конференция өтті.
|