
|
2011 жылдың 23-25 ақна аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтында әлеументтік-гуманитарлық және жаратылыстық ғылымдар бойынша студенттердің VIІ ғылыми конференциясы өтті, ол ЖОО және колледж студенттерінің ғылыми – зерттеу жұмыстарының қорытындысын көрсететін, қазіргі ғылымның негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу, ғылыммен айналысатын белсенді жастар арасында байланысты орнату болып табылды.
Конференция жұмысы қазіргі кездегі іргелі және қолданбалы ғылымдардың негізгі бағыттары қамтылған 26 тақырыпта жүргізілді, 650-ден астам студенттер және 21 мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Сонымен қатар, конференция жұмысына Семей мемлекеттік медициналық университеті, Шәкәрім ат. Семей мемлекеттік университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлы-заң университеті, және т.б ЖОО-ның студенттері қатысты.. Конференция жұмысына белсене Қазақстанның жетекші ЖОО-ның студенттері де қатысты: М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық бөлімі (Астана қ.), М.Өтемісов ат. Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал қ.). Алғаш рет конференция жұмысына Ресей ЖОО-ның студенттері қатысты. Олардың ішінде Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясының 14 студенттен тұратын филология факультетінің командасы және 7 студенттен тұратын Челябинск мемлекеттік университеті экология факультетінің командасы және т.б.
Конференцияның салтанатты түрде ашылу барысында институт ректоры, профессор Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы баяндамасында студенттер ғылымының жоғары білікті мамандарды даярлаудағы ролі, 2010 жылғы институт студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысына тоқталып өтті.
«50608 – Экология» мамандығының 3 курс студенті Торопов А. Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті қоры степендиясының игері болды.
Жаратылыс, техникалық, әлеументтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ҚР ЖОО студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Республикалық конкурсына институтымыздың студенттері белсене қатысты. Институттан барлығы 32 ғылыми жоба ұсынылды (оның ішінде мемлекеттік тілде 22 жұмыс). Конкурс қорытындысында Білім және ғылым минситрлігінің дипломымен мына студенттер марапатталды.
– І дәрежелі дипломмен «Информатика» бағыты бойынша Әділбекова А.А. – физика-математика факультетінің 2 курс студенті, Маратқызы Э. – жаратылыс ғылымдар факультетінің 4 курс студенті;
– ІІІ дәрежелі дипломмен «Химия» бағыты бойынша Көжекенова Д.Е. – жаратылыс ғылымдар факультетінің 4 курс студенті.
Республикалық студенттер олимпиадасында үздік жобалық жұмысы үшін 050119 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенті Сартаева Лейла марапатталды.
Әль-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінде өткізілген Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары арасындағы экология пәнінен республикалық студенттер олимпиадасында жаратылыс ғылымдар факультетінің «050608- Экология» мамандығының студенттер конмандасы (Миршанова Альфия, Торопов Андрей, Есельканов Гани) 1 – орынды жеңіп алды.
Ломоносов ат. Мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында (Астан қ.) өткізілген «Ломоносов – 2010» Халықаралық конференциясында жаратылыс ғылымдар факультеті 050608 – Экология мандығының студенттері марапатталды: Есильканов Гани – үздік ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша 2 дәрежелі грамотамен және Торопов Андрей – конференция жұмысның белсенді мүшесі грамотасымен марапатталды.
Математика пәні бойынша Республикалық студенттер олимпиадасында физика-математика факультеттерінің студенттер командасы 3 орынды жеңіп алды: Умирбаева А., Қанапьянова К., Мусинова А.
Алтай мемлекеттік педагогикалық акадеимиясында өткізілген студенттердің ғылыми конференциясында (Барнаул қ.) Уйсинбаева Ш. және Медведева С. (тарих-филология факультеті) үздік баяндама грамотасымен марапатталды.
Химия пәні бойынша Республикалық олимпидада (ҚазҰПУ Алматы қ.) жаратылыс ғылымдары факультетінің 1 курс студенті Ахметжанов М. 1 – орынды жеңіп алды.
Педагогикалық мамандықтар арасындағы үздік студенттер Республикалық конкурсында (Абай ат. ҚазҰПУ, Алматы қ.) Купишев Е. (физика-математика факультетінің 3 студенті) 1 дәрежелі дипломмен, Байзаурова А., Нургожина Г. (физика-математика факультетінің 3 курс студенттері) құрмет грамотасымен марапатталды.
«Бейнелеу өнері және сызк» мамандығы бойынша ІІ Республикалық студенттер олимпиадасында (Алматы қ.) психология-педагогика факультетінің 3 курс студенті Нудачина О. 1 – орынды жеңіп алса, ал осы факультеттің 4 курс студенді Болат К. грамотамен марапатталды.
Қыздар педагогикалық университетінде (Алматы қ.) өткізілген қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша Республикалық олимпиадасында Жайсанбаев А. (қазақ филология факультеті) 1 – орынды жеңіп алды.
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізілген (Алматы қ.) ІІ Республикалық студенттер олимпиадасында Жайсанбаева А. (қазақ филологиясы факультеті) І – орынды жеңіп алды.
2010 жылы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша рейтингісі өткізілуде. Рейтинг қорытындысы бойынша бірінші орында қазақ филологиясы факультетінің студенттері, екінші орында – жаратылыс ғылымдар факультеті, үшінші орында – физика-математика факультеті. Жеке есепте алдыңғы орында «050608-Экология» мамандығының студенті Торопов Андрей, келесі орында «050117-Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының студенттері Ісбек Берікхан және Сегізбаева Айдана. Үш күн аралығында пленарлық мәжілісте және 26 секция отырысында ғылымның дамуына байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жақсы нәтиже көрсеткен бірқатар студенттер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.
Конференция жұмысы кезінде студенттердің ғылыми және шығармашылық жетістіктері, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.
Әлеументтік-гуманитарлық және жаратылыстық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми конференциясы қорытындысында бәсекеге қабілетті мамандардың ғылыми-кәсіптік дайындығын ары қарай жақсарту жөнінде ұсыныстар жасалды.
Әлеументтік-гуманитарлық және жаратылыстық ғылымдар бойынша студенттердің VIІ ғылыми конференциясын ұйымдастырған Студенттердің ғылыми қоғамы (СҒҚ), төрайымы психология-педагогика факультетінің студенті Байбулова Мадина.
|