
|
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Ұлыбританиядан келген Джеймс Энтони Суийней атты доктордың дәрісін тыңдап қайтты.
28 қараша мен 2 желтоқсан апта аралағында Қазақ гуманитарлық инновациялық-заң уиверситетінде Ұлыбританияның Даремдік заң Университетінің аға оқытушысы, доктор, аталмыш жоғары оқу орнының құрметті профессоры Джеймс Энтони Суийней «International Human rigts, Development and Commerce» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске Семей мемлекеттік педагогикалық институты, тарих-филология факультетінің, 050115, «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері де тыс қалған емес. Жоғары да аталған дәріске И-433 топ студенті Елеусизова Аяулы, И-333 топ студенттері: Сейтханова Сымбат, Кульмухаметова Алия,АкимчиноваҚымбат, И-234 топ студенті Елькенова Асем, И-334 топ студенті Уанбаева Жанар қатысты.
Дәрісте халықаралық адам құқықтары, әлемдік нормативтік-құқықтық актілер, құжаттар, адам құқықтарының даму тарихы, Еуропалық сот, адам құқықтарын қорғауға бағытталған әлемдік деңгейдегі ұйымдардың қызметі және т.б. бүгінгі таңдағы келеңді мәселелер жайында талқыланды. Джеймс Энтони Суийней дәріс оқу барысында өз тәжірибелерімен де бөлісті.
|