
|
2011жылдың 28 қарашада Астана қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: конституциялық құрылыстың тәжірибесі мен келешегі» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға алыс және жақын шетелдерден 80 астам өкілдер келді.
Конференцияға СМПИ «Философия, құқық және экономика негіздері» кафедрасының меңгерушісі Н.С.Газизова қатысты. Халықаралық конференцияның қатысушылары Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі кезеңіндегі конституциялық құрылыстың басты бағыттары туралы баяндамаларды тыңдап әрі талқылап, оны «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы аясында одан әрі қарай жетілдіру қажеттілігін атап көрсетті.
Конференция аясында өткізілген «Қазақстан Республикасының ұлттық тәуелсіздігі кезеңінде халықаралық құқық пен ішкі саясаттың дамуы» атты ҚР Конституциялық Кеңестің төрағасы И.И. Роговтың жетекшілігімен жүргізілген дөңгелек үстелде Назигүл Слямболқызы ұлттық заңнамаларды жетілдіруге қатысты өз ойларын айтуға мүмкіндік алды. Оның мектепте құқықтық білім беруді жүйелеу, заңдардың мемлекеттік тілде қабылдануы туралы айтқан ұсыныстары дөңгелек үстел қатысушылары тарапынан мақұлданып, конференция қарарына енгізілді.
|