
|
Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында физика – математика факультетінің 26 қараша 15 желтоқсан аралығында
« Тәуелсіздіктің 20шыңы » атты «20 жұлдызды күндері» бойынша өткен іс-шаралар.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты физика – математика факультетінің 26 қараша 15 желтоқсан аралығында «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» атты «20 жұлдызды күндер» аясында өткізілетің іс-шараның жоспары бойынша топ кураторлары мен топ студенттері тәрбиелік іс-шаралар өтізді.
Атап айтсақ қараша айының 26-шы жұлдызында топ кураторы Батырова Қарлығаш Аманғалиқызы Т-242, Т-142 –ші топтарымен «Наш президент лидер нации»атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының өту барысы НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? ойыны арқылы ұйымдастырылып, сұрақ- жауап түрінде өтті. Топ капитандары мен топ мүшелері сайланып, сұраққа жауап беру барысында өздеріне балл жинады, әрбір сұрақ слайд арқылы көрсетілді. Қойылған сұрақтар тақырыпқа сай, қызықты сұрақтарға студенттер ұшқыр оймен жауап бере білді.Бұл өткен тәрбие сағатынан аларлары көп болды.
Қараша айының 27-ші жұлдызында «Мы наследники незавимимого Казахстана» тақырыбында Т -112 топ кураторы Бахтина Эльмира Турсынбековна кураторлық сағат өткізді.Тәуелсіздік деген киелі ұғым, уақытша құбылыстардың ырқымен кетпей, түбегейлі мұраттар жолындағы ортақ күресісізді табандылықпен жалғастыруыз ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы екендігі айтылды. Топ студенттері Подкарытова Наталья, Нуркасымов Бақытжан, Лаппцевич Наталья, Дюсембаева Айман т.б.топ студенттері өзін-өзі басқару ұйымдары көшбасшылық мектебінен өткен бүгінгі студент , ертеңгі күні мемлекеттік саясат тұрғысынан ойлап, Отан үшін қызмет ететін азаматтар болатындығы жайында сөз қозғады.
Қараша айының 28-ші жұлдызында топ кураторы Тлеубаева Аксауле Болатқызы өзінің топтары Т-141,Т143у, мен топ кураторы Кабулова Роза Оралгазиевна Т-111,Т-113 топтары біріге «Мемлекеттік рәміздер- Тәуелсіздік нышаны» атты дөңгелек үстел өткізді. Алдынала факультет оқытушылары мен студенттерге дөңгелек үстел бағдарламасы таратылды. Т-111-ші топ студенті Амантаева Арайлым « Әуені мен мазмұны жарасқан-әнұраным» атты тақырыпта баяндама,Т-143у топ студенті Аубакирова Меруерт «Елтаңба еліміздің егемендігіміздің белгісі» атты баяндама, Т-141-ші топ студенті Кәрім Асхат «Тәуелсіз Қазақстан тууы мен КСРО туы салыстырылуы» атты баяндамалар оқылды. Әрбір баяндамадан кейін студентер баяндамашыға сұрақтар қойып қызу талқыланды. «Мемлекеттік рәміздер- Тәуелсіздік нышаны» атты тақырыпта көрнекілік ретінде буклеттер жасалынды.
Қараша айының 29- шы жұлдызында топтың кураторы Касымханова Куляш Агыбаевна Т-222, Абдрахманова Рауза Рахматоллуовна Т-322 топ студенттерімен « Казахстан – страна безъядерного мира» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Топ студенті М. Байгалиева «Полигон» У. Абдулгазимов «Невада –Семей» тақырыбында баяндама оқыды. Т-222-ші топ студенті М. Байгалиева « Полигон » тақырыбында табиғатқа және тірі организмге қаншалықты зардап тигізгендігі жайлы айтып, студенттер ядролық полигон жергілікті халықтын психикасына үнемі зиян келтіруші психо-травмалық фактор болып табылатындығы жайында сөз қозғалды. Т-322-ші топ студенті У. Абдулгазимов «Невада-Семей»тақырыбы баяндамасында Невада-Семей қозғалысы қалай басталғаны жайлы сөз қозғады.Студенттер тарапынан Олжас Сулейменовтың бастауымен жауапты қызметкерлер ақын жазушылар «Ядролық сынаққа жол жоқ» «Невада-Семей» деген ұран сөздермен митингіге шығып Невада қозғалысының өмірге келгендігі жайлы талқыланды.
Қараша айының 30 күні Т-312,Т-212-ші топ студенттері арасында топ кураторы Н.И. Гнускина « Виды конфликтов и методы их разрешения» тақырыбында тәрбие сағаты өткізді. Тәрбие сағаты жарыс түрінде өтті. Студенттер 3 командаға бөлініп әр қайсысы қызықты сұрақтарға жауап берді. Талқыланған тақырып жайында видеоролик көрсетіліп және тест жұмыстары жүргізу барысында тақырып толықтай ашылып,оның алдын алу шаралары қарастырылды.
Желтоқсан айының 1-ші жұлдызында 1-4 курс студенттерімен физика-информатика кафедрасының оқытушысы, құқық бұзушылыққа қарсы күрес комитетінің жетекшісі М.Ж. Байжұманов ЖҚТБ ( СПИД) қарсы күрес күніне байланысты «Жастар есірткіге қарсы » тақырыбында жиын өткізді. Ғасыр індетін жұқтырған адамдардың тағдыры туралы ой қозғады. Т-121 топ студенті Айтақметова Маржан «Желтоқсанның 1-і –Дүниежүзілік ВИЧ/СПИД індетіне қарсы күрес күні» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі таңда ВИЧ індатіне 11396 адам тіркеуде тұрғандығы, Республикалық СПИД орталығының бас дәрігері Гүлсара Сүлейменованың пікірінше қазіргі жастардың ғасыр дерті туралы жан-жақты ақпараттың бар екендігі жайында айтылды. Т-321 топ студенті Дюсембаева Мөлдір « Темекі шегудің зияны» тақырыбында баяндама оқыды. Темекі шегу адам ағзасына қатерлі ауруларды тудыратыны (инфарк пен инсультқа, тамыр ауруларына, әйел мен ерлердің бедеулігіне, есірткіге тәуелділікке, өкпенің катерлі ісігіне, тістің түсуі мен пародантозға, терінің ерте қартаюына) жайында айтып өтті. Т-321 топ студенті Ермак Жұлдыз « ЖИТС –ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында баяндама оқыды. ЖИТС – бұл иммунитет жетіспеушілік синдром, ауру қоздырғыш – ВИЧ/ Аитв адамның иммунды тапшылық вирусы адам ағзасына еніп, адамның ауруға қарсы күресу қабілетін қамтамассыз ететін Т-лимфоциттерді зақымдауы туралы сөз қозғалды. Т-321 топ студенті Жұмаділова Наурызай «Есірткі» тақырыбында баындама оқыды. Ғалымдардың есірткі түрлерінің миға кері әсерінің салдарынан адамның жаттауға қабілеті нашарлап, ұмытшақ келетіндігі, жасы ұзаққа созалмайтындығы айылды. Студенттер өз ойларын ортаға салып нашақорлыққа салынудың бейім жағдайларын талқылады.
Желтоқсан айының 2-ші жұлдызында топ кураторы А.С. Ахметқалиева Т-311 топ студенттерімен «Дәстүр мен ұрпақ тәрбиесі – ұлттық идеологияның негізі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Топ кураторы А.С. Ахметқалиева ұлттың идеологиясы халықтың, бүкіл елдің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін, санасын ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ережесі, ол сол халықтың тілін, дінін, мемлекетін қалыптастыруға қызмет ететіндігі жайлы айтып өтті. Төлеуханова Гүлнұр «Ұлтым үшін, ұлтымның келешегі үшін күресуге дайынмын», Мұратханова Айдана, Дюсембаева Жанар, Ахметжанова Ақерке,Қалиханова Еңлік, Баймурзаева Анар, Манасбаев Әсет, Қозыбаева Айнур, Бабырбаева Асем Тәуелсіздік – қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу .Болашаққа сеніммен қадам басу.Жас ұрпақты отан сүйгіштікке, адамгершілікке,Отанына адал қызмет етуге, халқының тегі, тарихын білуге тәрбиелеу жөнінде пікір таласып, студенттер өз ой-пікірлерін айтты. Пікірталастың қорытындысы бойынша наным –сенімдеріміздің зерттелуі, өткенімізді тану ғана емес, оның жарамды тұстарын ұрпақ тәрбиесінде пайдалану керек екендігі баса назарда ұсталса деген ұсыныстар айтылды.
Желтоқсан айының 3-ші жұлдызында топ кураторы «Болашақ бағдарламасы» тақырыбында Т-422 топ студенттерімен әңгіме сағаты өткізілді. Т-222, Т-322 топ студенттері қатысты. Топ кураторы К.А. Қасымханова Қазақстанда, Шет елдерде Болашақ бағдарламасымен оқып жатқан студенттердің келешегі жайында айтып өтті.
Желтоқсан айының 4-ші жұлдызында факультеттің аға кураторлары Б.С.Оралбекова мен Г.М. Абжанова 1-4 курс студенттеріне «Салауатты өмір салты үшін!» тақырыбында қабырға газеттерін шығару және қабырға газеттердің мазмұны жайында әңгіме өткізді. 1-4 курс студенттері өздерінің дайындаған қабырға газеттері жайында айтып өтті. Қабырға газеттер «Наркотик бұл азапты өлім», «Салауатты өмір салты», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу», «Денсаулығың өз қолыңда» төңірегінде бейнелейтіндігін көрсету мақсатында дайындалғандығы айтылды. Студенттердің шығарған қабырға газеттері өте тартымды, адамға ой салатындай әсерлі .
Желтоқсан айының 5-ші жұлдызында топ кураторы Ж.К.Сыдыкова өзінің тобы Т-221-ші топ студенттерімен «Ғылым мен білім жастардың қолында» ашық тәрбие сағат өткізілді. Тәрбие сағатына Т-121,Т321 топ студенттері қатысты.Тәрбие сағаты 2 топқа бөліну арасында өтті «Алғырлар» және «Тапқырлар» тобы өзара сынға түсті. Екі команда «Таныстыру» сайысында өздерін таныстыруда, «Көкпар» сайысында мақал-мәтелдің жалғасын табу, «Полиглот» сайысында жұмбақтың шешімін табу, оны үш тілде айтуда, «Таңғажайып» сайысында тәуелсіздік, математика, физика, информатика пәндеріне байланысты сұрақтарға жауап беруде өз білімдерін шеберлікпен көрсете білді. Әр сайыстың арасында орындалдалған әнді тыңдаған көрермендердің көңіл-күйі көтеріңкі болды. Осы сында «Алғырлар» тобы бірінші орынға ие болды. Қатысушы студенттер өткізіліп отырған тәрбие сағатынан үлкен әсер алғандарын білдірді.
Желтоқсан айының 6-шы жұлдызында топ кураторы Б.К.Сыдыкова Т-241 топ студенттерімен «Ақпаратты мәдениеттің өркендеуі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына Т-321, Т-121 топтары қатысты. Топ кураторы Б.Қ. Сыдыкова Жастардың ақпараттық мәдениетті, сауатты адам – ақпараттың қажетті кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керектігі жайында айтып өтті. Осы тақырып жайында «Активті», «Пассивті» екі топ өзара пікір алмасты. «Активті» топ рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың қосар үлесі жайында өз ойларын айтып өтті. «Пассивті» топ Интернеттің таралу ауқымы кеңейген сайын оның қоғам мен мемлекетті қайта құру қауқары арту үстінде екендігін айтты.Пікір сайыстарында « Ақпараттық мәдениет» дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелері, теледидар бағдарламаларын дұрыс пайдалана білу керек деп қорытындылады.
Желтоқсан айының 7-ші жұлдызында Т-211 топ кураторы А.А Жадыранова өзінің тобымен «Тәуелзіздік белгісі алтын теңге» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Нуримханова Еңілік тақырып жайында қысқаша әңгімелеп өтті. Сакаева Дана «Қазақстан теңгесі» тақырыбында баяндама оқыды. Смагулова Ардақ «Теңгелердің айналысы» тақырыбында баяндама оқыды. Осы екі баяндама жайында студенттер өзара пікір алмасты.
Желтоқсан айының 8-ші жұлдызында Т-441,Т-411,Т-421 топтар арасында, топ кураторлары А.А.Абишова, О.М.Жолымбаев, Г.У.Нурабаева «Шаңырақ-отбасының бейнесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Топ кураторы Галия Уразовна осы тақырыпта қазіргі кезенде тәрбиенің негізгі мақсаты - жан жақты білімді,өмір сүруге бейім, іскер өзіндік ой талғамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда отбасының маңызды рол атқаратынын айтып өтті. Т-421 топ студенті Маженова Нүргуль өз баяндамасында қазақ халқының сыйласымдық дәстүрін ұрпаққа қаз қалпында жеткізіп, бойына сіңіру,отбасындағы сыйласымдықтың бастауы екені туралы ойлар айтылды. Т-441 топ студенті Балтабаев Досхан өз баяндамасында әкенің әкесі отбасында-ата болады. Атаны құрметтеу арқылы жас ұрпақты салт- дәстүрді білуге тәрбиелеу жайында тоқталды. Студенттер жерге отырғызылған көшетте, қашан тамыры терендеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып, үлкейгенше мәпелеп, күтіп үзбей тәрбиелеуді қажетсінетінің жайында өзара ой бөлісті. Өткізілген дөңгелек үстелден отбасындағы сыйласым, рухани байлығымызды дәріптеу, жастарға үлгі көрсету ұлттық құндылығымызды сақтауға атсалысу керектігін айтты. Тақырып жайында слайдтар көрсетіліп, қабырға газеттер шығарылып, Ғалымбеков Қуаныш пен Калиева Эльенораның музыкалық ән-шашуымен аяқталды.
Желтоқсан айының 9-шы жұлдызында Т-412-ші топ кураторы Мария Касеновна өзінің тобы мен « Трудовое законодательство и молодой специалист» тақырыбында әңгіме сағат өткізді. Жас маманға Республикамыздың алдында тұрған басты міндеттерінің бірі - әлемдік қауымдастықта Қазақстанның, оның экономикасы мен білімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайында әңгіме қозғады.Осы тұрғыда білім беруді жанашаландырып, оның жаңа жұйесін жасап дәстүрлі жүйеден ерекше болуын қамтамасыз ету басты парыз жайында Т-412 топ студенті Искакова Анар баяндама оқыды.
Желтоқсан айының 10-шы жұлдызында «Парасат» дебат клубының координаторы Т-341 топ студенті Сембаев Талғат физика-математика факультетінің 1-4 курс студенттерімен «Ана тілің арың бұл!» тақырыбында пікір талас өткізді. ҮКІМЕТ және ОППОЗИЦИЯ болып өз бағыттарын ұстанды. Үкімет тарапынан Оралбаев Жалғас пен Абдрахманов Азамат қатысты. ҮКІМЕТ тарапы мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің қаншалықты деңгейде дамып келе жатқанын, қоғамдағы орнын, көптеген қазақша мектептердің көптеп ашылып жатқанын және бүкіл іс қағаздарының, құжаттардың 2007 жылдан бастап, толық қазақ тіліне аударылатынын, тіліміздің дамып келе жатқанын айтып дәлелдеді.Оппозиция тарапынан Нуримханова Еңілік пен Малгаждаров Мирас қатысты. ОППОЗИЦИЯ тарапы ана тілінің қадір қасиетің түсініп, ана тілінің қазіргі кездегі қоғамда кездесетін кемшіліктеріне баса назар аударды. Пікір сайыстың қорытындысында адамзат баласының ана тілін білуі-борышы, парызы екендігі айқын аңғарылды.
Желтоқсан айының 11-ші жұлдызында Т-122 топ студенті топ кураторы Мешетова Жанагуль Скендировна «Образование в Казахстане проблемы и перспективы» тақырыбында диспут өткізді. Студенттер білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын негізгі бағыттарын, басымдықтарын және оны іске асыру тетіктерін білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыру кадр саясатына және әлеуметтік саясаттарға тоқталып ой бөлісті.
Желтоқсан айының 12-шы жұлдызында Т-342 топ студенттерімен «Салауатты өмір сүріп, ұзақ ғұмыр кешейік» тақырыбында топ кураторы Тайболдина Қаламқас Радылхановна дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Т-142, Т-343 у топ студенттері қатысты. Топ кураторы Тайболдина Қаламқас Радылхановна дөңгелек үстелдің мақсат, міндеттерін, тақырып туралы қысқаша айтып өтті. Т-342 топ студенті Грошев Илья ішімдіктің ағзаға қаншалықты зиян еклтіретіндігін, олардың әсерінен адам өзінің әрекетіне бақылау жасай алмай қалатыны жайлы айтып өтті. Дружина Татьяна «Темекі шегуді тастауға тілек білдірушілерге нақты кеңестер» туралы нақты мағлұмат берді. Жунусова Зауреш «Туберкулез» ауруын жұқтырудан және аурудың алдын алу шараларын, аурудың алғашқы фазасын анықтауға болатыны жайлы сөз қозғады .«Туберкулез», «Меры профилактики», «Алкоголь» тақырыптарына топ студенттері өздері буклеттер дайындап, өз ойларын ортаға салды. Топ студенттері АҚТҚ және ЖҚТБ қатер мен қорғану, Денсаулық фестивалі, жиі қойылатын сұрақтар жайында толық түсінік бере білді. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша салауатты өмір сүру – ол әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, зиянды әрекеттерден аулақ болу әрбір азаматтың борышы екенін естен шығармау керек.
Желтоқсан айының 13-шы жұлдызында «Жайна, жастық жалауы» тақырыбында топ кураторлары Мешетова Жанагуль Скендировна мен Абишова Айнур Ахановна Т-321,Т-341 студентерімен дөңгелек үстел өткізді. Т-321 топ студенті Дүйсенбаева Мақпал «Ел болашағы жастар» баяндамасында Мемлекетіміздің басшысы Н. Назарбаев «Еліміздің келешегі жастардың қолында » деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтты. Т-321 тобынан Г.М Ахметова «Жастар саясаты»,Қ.К. Кенжетаева «Қазақстан республикасының жастар туралы заңы», Т-341 топ студенті Касимова Гульнур «Мен жастарға сенемін» тақырыбында баяндамалар оқылып, талқыланды.
Желтоқсан айының 14-шы жұлдызында «Астана – как символ Казахстана» тақырыбында топ кураторы Батырова Карлыгаш Амангалиевна Т-442 топ студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Топ кураторы Батырова Карлыгаш Амангалиевна өз сөзінде Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі, сондықтанда біз үшін Тәуелсіздік қастерлі ұғым екенін айтып өтті. Қатысушы студенттер еліміз тәуелсіздігің жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылғандығын, мемлекеттік рәміздерімізді, Ата заңымызды, ұлттық валютамызды және өзінің өсуімен таң қалдырған Астанамыз дүниеге келгендігі жайында ой-пікірлер қозғалды.
Желтоқсан айының 15-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты физика-математика факультетінде 26–шы қараша 15-ші желтоқсан аралығында «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» атты «20 жұлдызды күндер» аясында өткізілген іс-шаралардың қорытындылау бойынша тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абишова Айнұр Ахановна және факультеттің аға кураторлары Оралбекова Бақытгүл Сейтмухамбетовна, Абжанова Гульжан Манатбековна «Лаула, лаула мәңгі Желтоқсан мұзға жанған алауы» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Қойылымға бірінші және төртінші курс студенттері қатысты. Концерттік бағдарламада еліміздің сан жылдар бойы армандаған кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасынан көрініс, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздікке 20 жыл толуына байланысты өлең, жырлар айтылып, патриоттық әндер орындалды. Тәрбиелік қуаты мол осындай іс-шаралардың өтуі болашақ жастарға мағыналы өмір сүруге, болашағымыз жарқын болуына жетелейді.
|