
|
«Философия, құқық және экономика негіздері» кафедрасының жанындағы «Заңгер» ғылыми-зерттеу клубының ұйымдастырылуымен 2011 жылдың 10-28 қазан аралығында «Мен құқылымын!», «Я имею право!» қабырға газеттер сайысы өткізілді. 2011 жылдың 2 қарашасында сайыстың қорытындысы шығарылды.
Сайыс мақсаттары:
- жастар арасында белсенді өмірлік позицияларды, мемлекеттің қоғамдық саяси өміріне араласуға дайындығын қалыптастыру;
- көркемдік бейнелеу әдістерін қолдана отырып, плакаттағы сурет тақырыпшасына сай келетін аргументті сөз тауып, құқыққа қатысты ұғымдардың мазмұны мен мәнін көркем түрде көрсету;
- адам құқықтарының Қазақстанда және мемлекетаралық деңгейде қорғалу мәселесінің шешімі саласындағы ойлау шеңберінің кеңеюі.
Сайыс міндеттері:
- студенттердің бойында адам құқықтарына қатысты құжаттарды зерттеуге және өз кезегінде адам құқықтарының Декларациясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын және т.б. зерттеуге қызығушылықтарын дамыту;
- педагогтардың адам құқықтарын оқыту саласындағы құзіреттілік деңгейін көтеру.
Қорытынды жиын СМПИ №2 ғимаратының №209 дәрісханасында болды. Оған «Құқық және экономика негіздері» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, ТФФ-нің 1-4 курс студенттері және №42 жалпы білім беретін орта мектептің құқық пәні мұғалімдері: Төлеуқоңырова Жазира Жұмашевна, Байтөриев Шалқар Сатыбалдиевич және 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Сайыс нәтижесінде И-231 топ ІІІ дәрежелі дипломды, Ф-216 топ ІІ дәрежелі дипломды және И-234 І дәрежелі дипломды иеленді. Топ жетекшілері: Исин Амантай Исаұлы, Ахметова Бахытгүл Ахметбекқызы, Усманова Эльвира Жеңісқызы ректор атынан алғыс хатпен марапатталды.
Жиын барысында №42 орта мектептің он оқушысы «Заңгер» клубының аталмыш мектептегі филиалы «Жас заңгер» ғылыми-зерттеу клубының қатарына қабылданды.
|