ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















      18 маусым күні сағат 10.00-де Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Түлек-2011» бітірушілер кеші өтті. Салтанатты жиынды киелі оқу орнының  профессоры А.С.Еспенбетов құттықтау сөзімен ашты.
      Кеш барысында институтты үздік тамамдаған, оқу процесі кезінде ерекше көзге түскен студенттер мен магистранттарға мақтау қағаздары мен оқу орнын бітіргені туралы дипломдар табыс етілді.
     Жиынның негізгі бөлімінде жыл сайынғы дәстүр бойынша институттың төрт түлегіне ағайынды Жүсіпбек пен Кенжебек Дәукеевтер атындағы арнаулы грант тапсырылды. Бұл грант Дәукеевтер отбасылық кеңесінің шешімімен тағайындалған. Жалпы сомасы 1000 000 (миллион) теңге. Оны жылдағыдай ағайынды Серікбек пен Ғұмарбек және Данияр Дәукеевтер салтанатты түрде табыс етті.
      Грант оқу орнын үздік бітірген, қоғамдық-мәдени шараларға белсенді араласып, оқу мен ғылымда айтулы жетістіктерге жеткен, халықаралық және республикалық сайыстарында көзге түскен, сондай-ақ спорттық додаларда жоғары нәтиже көрсеткен түлектерге беріледі.
      Бір айта кетерлігі Жүсіпбек пен Кенжебек Дәукеевтер талай жылдар бойы Семейде білім саласында және басқа лауазымды қызметтерде жемісті еңбек еткен. Кенжебек Дәукеев 1951-53 жылдары Семей педагогикалық институтының ректор болған.  
Институттың баспасөз қызметі