ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















          12 сәуір күні Семей мемлекеттік педагогикалық институттың бас ғимаратының акт залында тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімі және жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Студенттік көктем - 2011» фестивалінің аясында «Қазіргі заман ұстазы» байқауы өтті.
           Байқаудың негізі бағыты педагогикалық қызметтің әдіс-тәсілдерін, білім беру технологиялар терең меңгерген, өз ісін шығармашылықпен жүзеге асырып, тәрбие, білім беру және дамыту жұмыстарында жоғарғы нәтижеге жететін, педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелерді ұтымды пайдалана білетін ұстазды анықтау.
          Байқаудың мақсаты – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жеке тұлғалық ерекшелігін, шығармашылық, ұйымдастырушылық, суырыпсалмалық, бастамашылдық қасиетін, оқушылармен қарым-қатынас жасау әрекетін бағалау. Сонымен қатар талантты педагогтарды шығару мен қолдау көрсету, өзіндік білімдері мен кәсіби шеберліктерін көтеру.
          Байқау 5 кезеңнен тұрды:
1-ші кезең: “Өзін-өзі таныстыру” -  ұстаздардың бойындағы өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетуіне мүмкіндік берілді;
2-ші кезең: «Ситуациялық сұрақ» - ұстаздардың кәсіби біліктілігін бағамдайтын педагогикалық жағдаяттан шығу, мұғалімдерге тосын сұрақ қойылып, оған бірден жауап берді;
3-ші кезең: «Аспаздық шеберлік» - ұстаздар өзара тағам дайындау өнерi мен аспаздық шеберліктерін көрсетті;
4-ші кезең: «Мың бұралған биші» - жреби арқылы белгілі бір ұлттың ұлттық киімін таңдап, сол ұлттың биін биледі;
5-ші кезең: «Үй тапсырмасы» - өз тобының шығармашыл балаларымен бірлескен жұмыс түрінде өз өнерін көрсетті (би, өлең және т.б.).
         Өзінің өнерімен және қазіргі заманғы ұстазға сай жан-жақтылығымен қазылар алқасының көңілінен шыққан педагогика-психология факультетінің оқытушысы Мухметова Раукен Жеңісқызы «Қазіргі заман ұстазы» байқауының бас жүлдесіне ие болды.