ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















       6 мамыр күні сағат 14.00-де СМПИ-нің бас ғимаратында Жеңіс күнінің қарсаңында институттың профессор-оқытушы құрамы және студенттері Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлерін және ардагер оқытушыларды мерекелерімен құттықтады.
      Салтанатты жиынға  30-ға жуық тыл ардагері қатысты. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының  ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ғ. Ескендіровтің атынан ардагерлерді құттықтап, материалдық көмек ретінде қаржылай сыйлықты әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Е.Қ.Есенжолов тапсырды.
      Аталмыш шара өскелең ұрпаққа алаңсыз өмір сүруді сыйлаған ардагерлеріміздің алдындағы парызымызды өтеудің бір ғана тамшысы болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстағы ата, әкелердің ерліктері ел есінде ешқашан ұмытылмайды!
Институттың баспасөз қызметі