
|
2011 жылдың 18 ақпанында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары, магистранттары және түлектерімен Америка құрама штаттарының Огайо Ұлттық Медиа-зерттеу университетінің профессоры, Фулбрайт стипендияты, тәуелсіз журналист, теле-радио продюсері Дэвид Моулдпен кездесу болды. Кездесу барысында «Ғаламдық-ақпараттық кеңістіктегі экологиялық журналистика» тақырыбында дәріс оқып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
|