ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















         Қараша айының 10 мен 18  аралығында «Жастар жаңа қоғам көшбасшысы» студенттік апталығының аясында Жастар ісі жөніндегі комитеті мен «Нұр Отан» ХДП  «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен  № 3 оқу ғимаратының спорт залында «Дені сау ұрпақ-ел ертеңі» атты шағын футболдан және волейболдан факультет аралық жарыс өтті.
      Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бұл игі шараны тікелей Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тәрбие бөлімі, студенттер кәсіподақ ұйымы, СМПИ-ның жаратылыстану ғылымдар факультетінің дене шынықтыру кафедрасы қолдау көрсетті. Барлық бөлімдерден спорттың  дәл осы түрлеріне икемі бар студенттер жиналып, айып алаңында үлкен додаға түсті.
14 қараша күні әр факультеттен 6 қыздан тұратын құрама командалар волейбол ойынынан «Бірлігіміз жарасқан» кубогын сарапқа салды.    Ойын шартына орай барлық ойыншылар бірдей спорттық үлгідегі киімде келіп, байлықтан қымбат денсаулықты жоғары бағалайтындықтарын, екіншіден  оқып жатқан оқу орнындағы факультетінің беделі үшін қандай дәрежеде өнер көрсете алатындықтарын танытты. Барлық топтардан ең үздік болып, «Бірлігіміз жарасқан» кубогы психология - педагогика факультетінің көркімен ардақты, ісімен салмақты қыздары иеленді. Екінші орынды жаратылыстану ғылымдар факультетінің қыздарына табысталса, үшінші орынды физика-математика факультетінің командасы қанжығасына байлады.
      Әрине, арлы да, намысты ер азаматтарымыз да өз кезегін асыға күтіп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Дені сау ұлт-жалпы ұлттық міндет» стратегиялық жоспарына орай, кіші футбол ойынынан  15-қараша күні спорт кешенде  сайысқа түсті. Елі мықтының - ері мықты демекші, тек терең білімімен, ойымен байқалып жүретін ерлеріміз, салауатты өмір салтын мықты ұстанатындықтарын дәлелей алды. 1-орынды  жаратылыстану ғылымдар факультетінің азаматтары иеленсе, 2-орынға тарих - филология факультеті, 3-орынға ие болған педагогика психология факультетінің ұлдары  үздік ойындарымен ерекше көзге түсті. Барлық спорттық ойындардың қорытындысы бойынша анықталған жүлделі ойын иегерлерін марапаттау «Жастар жаңа ғасыр көшбасшысы» апталығының жабылу кешінде салтанатты түрде жүзеге асырылады.
      Тату үйдің тамағы тәтті демекші, осындай шаралар барысында студентеріміздің арасындағы достық қарым-қатынастың нық, әрі ақты ақ деп, қараны қара деп тани алатын ересек, саналы ұл-қыздарымыздың көптігімен әрдайым мақтанамыз.