
|
.jpg)
“МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕМЕЙ ФИЛИАЛЫ
“Мектепке дейінгі балалық шақ” Республикалық Орталығының Семей филиалы ҚР ҒБМ шешім негізінде және Республикалық орталық бұйрығы №15 1 қыркүйек 2005 ж. ашылды.
Филиал мақсаты:
Мемлекеттің білім беру саласында көрсетілетін қызмет саясатын нақтылау, қоғамның өзекті және перспективалық қажеттіліктеріне сай келетін мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ғылыми-әдістемелік жағынан сапалы қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
Филиал міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының бағдарламалық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуінің жағдайын, оны жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау мақсатымен зерттеу және талдау.
- Мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға, мектепке дейінгі шағын-орталықтарға, мектепке дейінгі сыныптарға әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету және практикалық көмек көрсету.
- Мектепке дейінгі қызметкерлердің құқықтық, педагогикалық және психологиялық мәдениетін жоғарлату бойынша практикалық ұсыныстар өңдеу.
- Белгілі жастағы балалар үшін педагогикалық құндылығы бар ойыншықтарды сатып алу және жасау мәселесі бойынша ғылыми негізделген нұсқаулар өңдеу.
- Ата-аналарға арналған кеңес беру пункттер жүйесін құру, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі балалардың жеке бас құқықтарын сақтау мәселесі бойынша нормативтік құжаттар даярлау.
- Ерекше қажеттіліктері бар балаларды, олардың қоғамда ерте бейімделуіне байланысты оқыту және тәрбиелеумен айналысатын мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс тәжірибелерін зерттеу.
- «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық Орталығының Семей филиалы өз жұмысын «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық Орталығының жұмыс жоспарына және іс-әрекетінің маңызды бағыттарына сәйкес жүзеге асырады.
Филиал қызметкерлері соңғы кезеңде келесі жұмыс түрлерін жүзеге асырды.
Жаңа Мемлекеттік стандартты енгізуге байланысты келесі бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету жүзеге асырылды:.jpg)
- «Біз мектепке барамыз» атты мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбие мен оқытуға арналған бағдарлама.
- «Біз мектепке барамыз» атты мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбие мен оқытуға арналған бағдарламаға екі бөлімнен тұратын әдістемелік нұсқаулар.
- «Біз мектепке барамыз» атты мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбие мен оқытуға арналған бағдарламаның білім беру салалары бойынша дидактикалық материалдар жобасы.
- Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы.
Ғылыми-зерттеу жұмысы:
2007 жылдан бастап «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының Семей филиалының шығармашылық ұжымы ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсету формасы ретінде Лекотека жұмысын құру және ұйымдастыру бойынша халықаралық БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорымен білім беру бағдарламасы аясында бірлесе қызмет жасайды. «Ерте көмек көрсету қызметі: ерекше қажеттіліктері бар балалар отбасына психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау көрсету», «Ерекше қажеттіліктері бар балалар отбасына қолдау көрсету қызметінде мультидисциплинарлы бағытты жетілдіру» жобаларын жүзеге асыру барысында Семей қаласының Семей мемлекеттік педагогикалық институты, №5 «Балдәурен» ясли-бақшасы және №9 «Айгөлек» ясли-бақшасы негізінде Лекотеканың қызмет көрсетуі жүзеге асырылды, Семей қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталықтары негізінде эскперимет ретінде Лекотека қызметі қамтамасыз етілген.
Лекотеканың жұмысы барысында ШҚО педагогтарының және филиал қызметкерлерінің ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастырудың тәжірибесі жинақталуда. «Алгоритм сопровождения детей с особыми образовательными потребностями» атты әдістемелік нұсқау өңделді. Бұл жинақта №5 және №9 ясли-бақшалары Лекотека мамандарының тәжірибесі жинақталған.
Филиал қызметкерлері СМПИ экология кафедрасымен және Семей қаласының №4 «Балдәурен» ясли-бақшасы ұжымымен бірлестікте мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру бағдарламасы және әдістемелік кешеннің даярлану жұмыстары жалғасуда. Материал «Ең үздік бала бақша» облыстық конкурсына ұсынылды, оның нәтижесі бойынша бала бақша ұжымы бірінші орынға және ақшалай сыйлыққа ие болды.
Мекен-жайы: Шугаев көшесі 157, №2 корпус, тел. 8 (7222) 53-00-11
|