
|
ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ
Сырттай оқыту факультеті 2010 жылдың қыркүйек айында құрылған. Факультетте 19 мамандықтың түрі бойынша қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлау көзделген.
Сырттай оқыту факультетінде білім беруді ұйымдастыру мен оқудың негізгі ережелерін құрайтын ҚР «Білім беру» заңына және СМПИ жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Факультеттегі оқу үрдісін иституттың барлық кафедралары қамтамасыз етеді. Оқу үрдісін жүзеге асыру үшін институттың жоғары білікті ПОҚ тартылады. Сырттай оқыту факультетіне қабылдауды ұйымдастыру кезінде мамандығы бойынша жұмыс істейтін талапкердің кәсіби бағдарына ерекше мән беріледі. Факультеттің оқу үрдісіне қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдануға негізделген қашықтықтан білім беру технологиясы кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Факультет студенттері институттың кітапхана қорын пайдалануға, компьютер сыныптары мен интернетті қолдануға мүмкіндіктері бар. Сессияаралық мерзімде өздік жұмыстарды орындау үшін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіледі.
ФАКУЛЬТЕТ МИССИЯСЫ
Факультет миссиясы аймақ дамуының қажеттілігіне сәйкес білім беру саласында табысты қызмет етуге қабілетті мұғалім кадрларды өндірістен қол үзгізбей сапалы даярлауды ұйымдастыру.
САПА САЛАСЫҢДАҒЫ МАҚСАТТАРЫ
- Факультет студенттері үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беру контентін жүйелі түрде жаңартуды, түрлендіру және ақпараттық толықтыруды, дайындауды қамтамасыз ету.
- Оқу үрдісі мен оқу-әдістемелік жұмыстарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру мен басқаруды 100% қамтамасыз ету.
- Оқу үрдісінің тиімділігін, сапасын арттыруды қамтамасыз ететін қашықтықтан білім беру технологияларын оқу жүйесіне енгізу және ұйымдастыру.
Жаңа үлгідегі педагогтарды сапалы даярлау үшін жағдай жасау, сырттай оқыту факультетінің бітірушілерінің білім беру нарығындағы бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту және қамтамасыз ету.
ФАКУЛЬТЕТТІҢ МІНДЕТТЕРІ
1.Сырттай оқытудың дәстүрлі үлгісін жетілдіру.
2.Қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу.
3.Факультет студенттері үшін жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау мен қайта даярлау аясында үзіліссіз білім беру жүйесін құру.
4.Факультеттегі оқытушы қызметіне біліктілігі жоғары мамандарды шақыру.
5.Факультет студенттерін кафедралардағы ғылыми жұмыстарға бейімдеу.
6.Бітірушінің кәсіби және тұлғалық-маңыздылық қабілеттерін қалыптастыру.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ АБИЛЬМАЖИНОВ ЕРМЕК ТОЛЕГЕНОВИЧ, техника ғылымдарының докторы
Деканның орынбасары – Мусатаева Июнгуль Сулжановна, педагогика ғылымдарының кандидаты
ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру қызметінің мамандары
Алжасарова Мархаба Алтынхановна
050117 Қазақ тілі мен әдебиеті
050121 Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
050104 Бастапқы әскери дайындық
050108 Дене шынықтыру және спорт
050113 Биология
050116 География
050608 Экология
050118 Орыс тілі мен әдебиеті
050119 Шетел тілі: екі шетел тілі
050122 Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
мамандықтары бойынша әдіскер
e-mail: metodistfdo@mail.ru
Маукаева Айжан Алтаевна
050101 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
050102 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
050103 Педагогика және психология
050106 Музыкалық білім
050107 Бейнелеу өнері және сызу
050114 Тарих
050115 Құқық және экономика негіздері
050120 Кәсіптік білім
050503 Психология
мамандықтары бойынша әдіскер
ҚБТ дидактикалық құралдарын әзірлеу қызметінің маманы
Байгелова Гульмира Болатовна
Оқу үрдісінде қашықтықтан білім беру технологиясын қолдануды ұйымдастырады және сандық білім ресурстарын құру бойынша әдістеме жұмыстарын дайындайды.
050109 Математика
050111 Информатика
мамандықтары бойынша әдіскер
e-mail: sgpi_fdo@mail.ru
Факультет хатшысы:
Даулетбекова Акмарал Даулетбековна
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:
Сырттай оқыту факультеті деканатының мекен-жайы:
071400, ШҚО, Семей қаласы, Е.Қашаган көшесі, 1 «Церковь» аялдамасы
СМПИ, №3 оқу ғимараты, 201, 203 каб.
Телефон(факс): 8(7222) 77-32-84
E-mail: fdo@sgpi.kz
|