
|
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханасы - институт-тың профессорлық-оқытушылар құрамына, студенттерге, магистранттар мен аспиранттарға ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнына дейінгі дайындық оқушыларына, СМПИ Аймақтық педагогикалық мамандарды қайта даярлау және біліктілігін жоғарлату орталығы курсының тыңдаушыларына, мектеп мұғалімдері мен кітапханашыларына да кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетумен қамтамасыз ететін Семей қаласындағы маңызды ақпараттық орталықтардың бірі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы
30-қыркүйектегі № 660 Бұйрығымен СМПИ ғылыми кітапханасы жоғары және орта білім беретін Семей қаласының білім беру ұйымдары кітапханалары үшін әдістемелік орталық болып аталады.
Кітапхана тағдыры, оның тарихы Семей облысындағы алғышқы жоғары оқу орыны - Мұғалімдер институтымен, одан ары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтымен тығыз байланысты. Кітапхана қоры бірнеше дана кітаптан басталды. Бүгінгі таңда, яғни кітапхананың құрылғанына 70 жылдан аса уақыттан кейін 300 мыңнан аса дәстүрлі баспалық және машинада оқылатын тасымалдауыштарда оқу-әдістемелік, ғылыми-педагогика-лық, анықтамалық және көркем әдебиеттерден тұратын кітап қорымыз бар. Газет-журналдар қоры қоғамдық өмір мен білімнің әртүрлі салалары бойынша 17 мыңнан аса бірлікті қамтиды.
Кітапхана тарихынан:
1936 жыл Кітапхананың құрылуы
1990 жыл Автоматтандырылудың басталуы. Алғашқы компьютер
орнатылуы.
1994 жыл Кітапхананың жаңа ғимаратқа ауыстырылуы.
1996 жыл СМПИ кітапханасына Семей ет және сүт өнеркәсібі
технологиялық институты мен Семей зоотехникалық
ветеринарлық инстутының кітап қорының қосылуы.
Университет кітапханасы мәртебесін алуы.
2001 жыл "Кітапхана 4.02" автоматандырылған жүйесінің енгізілуі.
Компьютерлер паркінің ұлғаюы, электрондық каталогтың
құрылуы.
2002 жыл Оқу орны ішіндегі жергілікті желінің іске қосылуы. Интернетке
қосылу. Медиатеканың құрылуы.
2003 жыл Кітапхана негізінде "Жоғары оқу орны кітапханалары
электрондық ғасырға: қорларды талдаудың және тиімділігін
бағалаудың жаңа әдістері" республикалық семинардың өткізілуі.
2004 жыл Кітапхана тарихындағы жаңа бет. Педагогикалық институт
кітапханасының Шәкәрім атындағы СМУ құрамынан бөлінуі.
2005 жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
шешімімен СМПИ кітапханасы кәсіби білім беру кітапханалары
үшін әдістемелік орталық болып аталынуы.
2006 жыл СМПИ кітапханасы негізінде алғаш рет Аймақтық педагогикалық
мамандарды қайта даярлау және біліктілігін жоғарлату
орталығымен бірге 72-сағаттық бағдарлама бойынша Семей
қаласы колледждерінің кітапханашыларының біліктілігін
жоғарлату курсы өткізілді.
Кітапхана құрылымы
Мекен-жайымыз:
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми
кітапханасы төмендегі мекен жайда орналасқан:
071400, Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 42.
Кітапхана меңгерушісі
Колокольцова Валентина Федоровна
Тел. (8-3222) 56-16-36
e-mail: lib sgpi.kz
Кітапхана құрылымына
1. Қызмет көрсету бөлімінің құрылымдық бөлімшелері:
- 5 оқу залдары;
- 2 оқу абонементі;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттер абонементі;
- көркем әдебиеттер абонементі.
№ 1 Оқу залы
Тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, құқық және мемлекет негіздері, психология, экология, тіршілік қауіпсіздігі, қазақ, орыс және шетел филологиясы, бейнелеу өнері бойынша оқу, ғылыми-әдістемелік, анықтамалық әдебиеттерді уақытша пайдалануға ұсынады. Институттың барлық факультет-тері студенттері мен оқытушыларына қызмет көрсетеді.
№ 2 Оқу залы
Физико-математикалық және жаратылыстану ғылымдары факультеттерінің студенттері мен оқытушыларына арналған әдебиеттерді, яғни физика, математика, информатика, химия және биология, дене тәрбиесі мен спорт бойынша әдебиеттерді уақытша пайдалануға береді. Сондай-ақ, барлық факультет студенттері үшін компьютерлік сауат ашу негіздері бойынша оқу және анықтамалық әдебиеттер ұсынылады.
№ 3 оқу залы
Зал институттың Шугаев көшесі, 159 мекен-жайындағы оқу ғамаратында орналасқан. Тарих және психология-педагогикалық факультеттері студенттеріне қызмет көрсетеді. Онда тарих, құқық, экономика, қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінің практикалық курстары әлеуметтік-гуманитар-лық пәндер блогы - философия, мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану, экология және тіршілік қауіпсіздігі, психология бойынша оқу және ғылыми әдебиеттер топтастырылған.
Мерзімді басылымдар залы
Бұл залда газет және журналдар беру жүзеге асырылады. Залдың қорында қоғамдық өмір мен білімнің әртүрлі салалары бойынша 3 жүзден аса мерзімді басылымдар атауы бар. Соңғы жылдары оқырмандар тарапынан бұл залға сұраныс артып, көп көңіл бөлініп келеді. Өйткені барлық мектеп пәндерін оқытудың әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану проблемалары бойынша әртүрлі өзекті де, жедел, соны ақпараттар осы залдың еншісінде. Зал қызметкерлері қор байлығын тақырыптық көрмелер мен Қазақстан тарихы, этнопедагогика, қазақ халқының салт-дәстүрі т.с.с. материалдарды қамтитын тақырыптық папкалар, педагогикалық практика бойынша өткізілетін конференцияларға қойылатын ашық көрмелер арқылы аша түсуге тырысады.
Ғылыми зал
Зал қызметкерлері СМПИ оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге, аспиранттар мен магистранттарға сараланған қызмет қөрсетуді жүзеге асырады.
Мұндағы кітап қоры профессорлық-оқытушылық құрамның еңбектерінен, авторефераттар мен диссертациялардан, ғылымтану, жоғары мектеп проблемалары бойынша кітаптардан, Қазақстан Республикасының және Ресейдің ғылыми журналдарынан, халықаралық конференциялардың материалдарынан тұрады.
№ 1 Оқу әдебиеттері абонементі
Оқу абонементінде оқырмандарды кітапханаға жазу жүргізіліп, оқу орнын бітіргенше жарамды оқырман билеті беріледі. Абонемент қызметкерлері тарих, психология-педагогика, қазақ, орыс және шетел филологиясы факультеттері студенттеріне оқулықтар беруді жүзеге асырады. Абонементте студенттерге оқулықтар комплектісі ағымдағы семестрге, шағын экземпялрлы әдебиеттер белгілі бір уақытқа беріледі.
№ 2 Оқу әдебиеттері абонементі
Нақты және жаратылыстану ғылымдарының ғылыми және оқу абонементінде 2 факультет студенттерін жазып, оқырман билеттерін беру, физика-математика ғылымдары (информатика, физика, математика) және жаратылыстану ғылымдары (химия, биология, дене тәрбиесі және спорт) бойынша оқулықтар, оқу құралдары мен монографиялар беру жүзеге асырылады.
Ғылыми әдебиеттер абонементі
Абонемент институттың барлық студенттеріне, оқытушылары мен қызметкерлеріне қызмет көрсетеді. Сақталынған ғылыми, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттердің кітаптар қоры 40 мыңнан аса бірлікті құрайды. Қор құрамында білімнің әр саласынан, оның ішінде тарихтан, әдебиеттен, географиядан 19 ғасырдың екінші жартысында басылған сирек кездесетін бірегей басылымдар да бар.
Көркем әдебиеттер абонементі
Қазақ және орыс тілдерінде қазіргі заман әдебиеті, Қазақстан жазушыларының, орыс әдебиеті классиктерінің шығармалар жинағынан, шетел классиктері, балалар әдебиетінің көркем мәтінді топтамасынан тұрады. Алыс және жақын шетел ақын-жазушыларының шығармалары басылымдар құрамы да әралуан.
2. Әдебиеттерді ғылыми өңдеу және толықтыру бөлімі
Оқытушылардың ғылыми зерттеулері, институт бағдарламалары мен оқу жоспарына сәйкес жаңа әдебиеттерді жоспарлы түрде толықтыруды іске асырады. Дәл осы бөлімнен кітап классификацияланып, индекацияланып және келіп түскен барлық баспа өнімдері жүйелендіріліп оқырманға жол тартады.
Бөлім ӘОЖ (УДК) және КБЖ (ББК) бойынша дәстүрлі алфавиттік және жүйелік карточкалық, сондай-ақ "Кітапхана 4.02" программасы негізінде "Кітаптар" электрондық каталогтарын жүргізеді. Жыл сайын кітапхана қорына 7 мың данадан аса жаңа кітаптар мен электоронды құжаттар түсіп тұрады.
Кітаппен қамдаудың негізгі көздері болып кітап саудасымен айналысатын фирмалар, мерзімді басылымдарға жазылу, жеке тұлғалар мен кітапхана оқырмандарынан сыйға берілген басылымдар табылады. Кітапхана қорында 300 мың бірліктен аса оқу және ғылыми әдебиеттер, ХІХ-ХХ ғасыр басылымдары, жаңа буын оқулықтары, оқу-әдістемелік жиынтығы және электронды басылымдар сақталған.
Толықтару бөлімі СМПИ оқытушылары мен студенттеріне және қала мектептеріне индекстеу бойынша (ӘОЖ) кеңестер береді.
3. Анықтамалық-библиографиялық бөлім
Бөлім профессорлық-оқытушылар құрамына, аспиранттар мен магистранттарға, бітіруші студенттерге анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білімнің әртүрлі саласы бойынша көрнекті ғалымдардың еңбектерінен, заң кодекстері мен заңдардан, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қаулылар жинағынан, энциклопедиялар мен энциклопедиялық сөздітерден, жолнұсқалар мен күнтізбелерден, анықтамалықтардан тұратын анықтамалық-библиографиялық қорды ұйымдастырады.
Анықтамалық қордың үлкен бөлігін терминологиялық, лингвистикалық, биографиялық және қос тілдік анықтамалықтар сондай-ақ, библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалық-библиографиялық құралдар құрайды. Картотекалар жүйесі де әралуан:
- Білімнің барлық саласы бойынша жүйелік картотека.
- Қазақстан.
- Қазақстан Республикасының заң актылері
- Жоғары мектеп.
- СМПИ оқытушыларының еңбектері
- Авторефераттар картотекасы.
- Халыққа білім беру және педагогика.
- Есімнамалық картотека.
- Рецензиялар картотекасы.
Бөлім қызметкерлері І-курс студенттерімен кітапханалық-библиография-лық білім негіздері бойынша сабақ жүргізеді, магистранттар мен диплом жұмысын дайындаушы студенттерге қажетті ақпараттарды іздеу әдістемісі бойынша, әдебиеттер тізімін құруға байланысты кеңестер береді, педагогикалық практика бойынша конференциялар өткізуге қатысады. Кітапхананың басқа бөлімдерімен бірігіп Ақпарат күнін, Дипломшылар күнін, жаңа әдебиеттер көрмелерін, ғылыми-практикалық конференцияларға арналған кітап көрмелерін ұйымдастырады.
|