
|
«Жасыл Елмен» бірге елімізді көркейтейік!
Студенттік «Жасыл Ел» Жастар жасағы қазірдің өзінде көптеген жалынды да жігерлі, еңбекқор студент жастардың сүйікті ісіне айналды. Жазғы уақыттарын дұрыс ұйымдастыра білуді мақсат тұтқан жастар қауымы тамылжыған жаз айларында «Жасыл Елде» бастарын біріктіреді. «Жасыл Ел» студенттер жасағының көздеген негізгі мақсаты – атында тұрғандай, көгалдандыру, гулдендіру, тазалық сақтау, еңбекке баулу. Студенттік «Жасыл Ел» жастар жасағының ашылу салтанаты Өскеменде өтті. Ашылу рәсіміне Белорусиядан қонақтар келді. Негізінен, қатысушылардың дені Семей, Өскемен қалаларының белсенді студенттері еді. Бір ерекшелігі, ашылуға «Жасыл Ел» жасағымен қатар, құрылыс жасағының да айбынды студенттері қатысты. Ашылуға қатысқан Семей мемлекеттік педагогикалық институтының, Шәкарім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің, сондай-ақ қаржы академиясының да белсенді студенттері үлкен әсермен оралды.Облыс әкімі б.Сапарбаевтың, облыстық «Жасыл Ел» жасағының жетекшісінің жігерлі сөздері еңбекқор да талыпты студент- жастардың еңбекке деген құлшынысы арттырғандай. Жасақ студенттері өз істеріне асқан жауапкершілікпен қарайды және қоғамдық жұмыстың қай түрінде болмасын белсенділіктерін танысып жүреді. Ұлы Отан соғысының 65 жылдық мерейтойына орай өткізілген акцияда да жасақ мүшелері қалыс қалмай, қаланың тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Осы жазда «Жасыл Елдіктер» үш түрлі орында еңбек етті.Жігіттерден құралған топ Шәкәрім университетінің алаңында еңбек етсе, қыздар мен жігіттерден араласа құралған қалған екі топ қарттар үйі мен биологиялық орталықта өз істерін тиянақты атқарды. Оған маусвм соңындағы жасақ мүшелерінің мақтау қағаздары, алғыс хаттармен марапатталған сәттері дәлел бола алады. Табиғатты қорғауды басты мақсатым деп түсінген жастар еңбектене жүріп, жасақ ішінен жаңа достар тауып, жаздың жаймашуақ күндерін қызықты да көңілді өткізуге тырысты. Қарттар үйіне бөлінген студенттер қарттар үйінің тұрғындарына айналған аталар мен апаларға шағын да жанымды концерттік кеш өткізді әрі еңбекке деген ынтасын арттыра түсті. «Жасыл Елмен» бірге қаламызды көркейте берейік, жастар!
|