ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ

Инновациялық педагогикалық білім орталығы институт ректоры, профессор М.Ғ.Ескендіровтің  бастамасымен 2010  жылдың 15 қарашасында құрылды.

  

 Орталықтың директоры – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Солтанбекова Орынбасар Тұяққызы

    

 

 
Мақсаты: педагогикалық білім беруге инновацияны енгізу  мен оны іске асыру бойынша ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстарды орындау, педагог мамандардың біліктілігін арттыру.

Негізгі міндеттері:
•    Іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізу, оларды қамтамасыз ету, үйлестіру, педагогикалық білім беру саласындағы барлық деңгейдегі мамандарды дайындау үшін ғылыми және білім беру базасын құру, ғылыми-зерттеу қызметінің қортындыларын жүзеге асыру.

•    Педагогикалық білім беруде инновациялық көзқарасты есепке ала отырып қазіргі заман технологияларын жасау және енгізу.

•    СМПИ-дың кафедралары және басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе инновациялық ғылыми-білімдік, ғылыми-зерттеу және халықаралық шараларды ұйымдастыру мен өткізу.

•    Отандық және шетелдік ЖОО-мен, педагогикалық білім беру саласындағы ғылыми орталықтармен, сонымен қатар біліктілікті арттыру, қосымша білім беру мекемелерімен бірлесіп жұмыс жасау.

•    Педагогикалық білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми және ғылыми-әдістемелік іс-шаралар: конференциялар, семинарлар, дөңгелек столдарды келесі оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастыру және өткізу:
-    Абай атындағы Қазақ ұлттық-педагогикалық университетімен,
-    Ы.Алтысарин атындағы ұлттық білім академиясымен,
-    Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясы,
-    Питтсбургтік мемлекеттік университетімен (Канзас штаты, АҚШ)
-    Джионгсанг Ұлттық университетімен (Оңтүстік Корея),
-    Томск ұлттық университетімен (Ресей),
-    Томск мемлекеттік педагогикалық университетімен (Ресей).
•    Республикалық ЖОО-мен, Шығыс аймақтық білім беру мекемелерімен, қоғамдық білім беру ұйымдарымен  бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру.
•    Инновациялық білім беру саласындағы біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың бағдарламаларын жасау мен жүзеге асыру.
•    ҒЗЖ мен инновациялық қызмет нәтижелерін СМПИ-дың білім беру сапасын арттыру мақсатында оқу үрдісіне енгізу.

Мекенжайы: Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі, 1, бас ғимарат, 308 - кабинет,  тел.: (8 72 22) 42-68-62, e-mail: orynbasar@sgpi.kz

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МОДЕЛІ

БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ЖЕТІЛДІРУ

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС

СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ АЛУ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕЛІГІ

КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУ

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БЕРУ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ