
|
ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ ҰСТАЗДЫҢ ҚОЛЫНДА
ПЕДАГОГ МАМАНДЫРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтаық орталығы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы негізінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталық директоры: биология ғылымдарының кандидаты, доцент Сапарова Гульнара Сикимбаевна.
Орталықтың мақсаты педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауда бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу болып табылады.
ПКБА жєне ҚДАО-ның қызметі миссиясы СМПИ-дың міндетін іске асыруға бағытталған: Шығыс Қазақстан облысында білім берудің қозғаушы күші болу; аймақты жаңа генерациялы кадрлар ресурсымен қамтамасыз ету және педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың өзекті мәселелерін шешу.
Қызметтің негізгі түрі – біліктілікті арттыру және қайта даярлауда білім беру қызметкерлеріне үздіксіз қызмет көрсету және ұйымдастыру.
Қызметтің негізгі бағыттары - білім беру мекемелері басшылары мен педагог кадрларды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарын ұйымдастыру; білім беру менеджменті бойынша бағдарламалар құру және іске асыру; институт кафедраларының ғалым-әдіскерлерінің жетекшілігімен білім беру қызметкерлерін тәжірибеленуден өткізу; ШҚО мектептері мен колледж мұғалімдері үшін кеңес беру орталықтары жұмысын ұйымдастыру; ШҚО аудан орталықтарындағы білім беру мекемелері басшылары мен қызметкерлері үшін семинарлар ұйымдастыру.
Алдағы уақытта аймақтағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау түрлерін жетілдіру мақсатында төмендегідей міндеттер қойылды: педагогтармен қоса, білім беру мекемелері басшыларын да қайта даярлау; білім беру мекемелері басшыларын білім беру менеджментіне үйрету; біліктілікті жетілдірудің ваучерлік-модульдік қаржыландырылуын меңгеру; педагог кадрлардың біліктілігін үздіксіз арттыру тізбекті үлгісін енгізу арқылы мұғалімдерді қашықтықтан оқытудың бағдарламаларын жасау; педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау түрлерін жетілдіру; педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің халықаралық аспектілерін кеңейту.
Біздің мекен - жайымыз: Е. Кашаған көшесі, 1. 216 каб., факс/тел.: 8(7222) 77-32-09, Еmail: rcpk@sgpi.kz
2011 жылдың 12 ақпанында Алматы қаласында Білім және ғылым министрі Б. Т. Жұмағұловтың қатысуымен «Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында педагог кадрлардың білі ктілігін арттыру сапасын камтамасыз ету» тақырыбында республикалық семинар – кеңес өтті.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры т.ғ.д., профессор Ескендіров М. Ғ. «Сапалы педагогикалық білім интеллектуалды ұлт формасын қалыптастырудың шарты ретінде (Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында)» тақырыбында баяндама жасады.
2011 жылдың 20 сәуірінде Қарағанды Білім және ғылым вице - министрі Сарыбеков М. Н қатысуымен «Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін жаңартудың механизмдерін жетілдірудің проблемалары және шешу жолдары» тақырыбында ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөл імдерінің басшылары, республикалық білім беру ұйымдары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, біліктілікті арттыру институттары, педагогикалық жоғарғы оқу орындары қызметкерлеріне арналған Республикалық семинар – кеңес өтті.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры т.ғ.д., профессор Ескендіров М. Ғ. «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастырудың жағдайы ретінде» атты баяндама жасады.
Секция отырысында «Білім саласының қызметкерлерінің біліктілігін ваучерлік жүйе арқылы арттыру ережесі» және «Қазақстан Республикасында білім берудегі біліктілікті арттыру және қайта даярлау оқу орындарының жұмысын ұйымдастырудың ережелері» талқыланып, қабылданды.
СМПИ Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы 2011 жылдың 26 қазан күні Семей қаласының жаңашыл мұғалімдерінің қатысуымен «Озық әдістемелік тәжірибені жинақтау және насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану, электронды оқыту және негізгі пәндерді ағылшын тілінде оқыту мәселелері қаралды. Дөңгелек үстел Семей қаласының, қала маңы мектептерінің және ШҚО (Тарбағатай, Көкпекті, Үржар, Жарма, Аягөз, Абай, Жаңасемей) аудандарының мұғалімдерін және басшыларын қамтыды.
СМПИ Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы 2011 жылдың қазанның 27 жұлдызында СМПИ 2011 жылдың 17 қазанынан 05 қарашасына дейін негізгі қызметтен қол үзіп оқып жатқан, бюджеттік курс тыңдаушыларына арнап «Назарбаев интеллектуалдық мектебіне» экскурсия ұйымдастырды. «Назарбаев интеллектуалдық мектебінің» мұғалімдері Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі жаңа технологияларды қолдана отырып ашық сабақтар көрсетті. ПМБАжҚДАО және курс тыңдаушылары «Назарбаев интеллектуалдық мектебінің» директоры З. И. Назаралиеваға және директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н. Ю. Сапоноваға жақсы қарсы алып, экскурсияны ұйымдастыруға көмектескені үшін үлкен алғыстарын білдіреді.
|