ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















Бектемесов Мақтағали Әбдімажитұлы
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Бектемесов Мақтағали Әбдімажитұлы 1963 жылы 10 шілдеде Алматы облысы Тиірмен ауылында көп балалы ауыл еңбекшісінің отбасында дүниеге келген. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттіқ университетінің механика және қолданбалы математика факультетін үздік бітірді. Университетті бітіргеннен кейін 1985 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына тәлімгер-зерттеуші болып қабылданды. 1987-1990 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-ден  мақсаттық жолдамамен КСРО ҒА Сібір бөлімшесіндегі (Новосибирск қ.) Математика институтына аспирантурада  болды.
Одан кейінгі ғылыми-педагогикалық қызметі (1990-2010 жж) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде өтті. Осы аталған жоғары оқу орнында стажер-зерттеуші, оқытушы, физика-математика факультеті деканының тәрбие жөніндегі, оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары, аға ғылыми қызметкер, физика-математика факультетінің деканы, оқу жұмыстары жөніндегі проректоры, PhD докторантура және магистратура институтының жаратылыстану мамандықтары кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2010 жылдан бастап механика-математика факультетінің деканы, бірінші проректоры болып қызмет атқарған.
 80 астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері, 4 монографиясы жарық көрген. Әр жылдары информатика, математика, физика мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті оқулық стандарттарының авторы. ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.  
(2009 ж.) «ҚР Ғылым саласындағы сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен және (2011 ж.) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальмен марапатталған.
Бірнеше Халықаралық конференцияларда тең төрағалық және ұйымдастырушы Комитеттерінің мүшесі болып қатысқан. Мемлекеттік бағдарлама бойынша қолданбалы және іргелі ғылыми тақырыптарға жетекшілік етеді.
Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде Білім және ғылым саласындағы бақылау комитет төрағасының орынбасар қызметін уақытша  атқарды.
2012 жылдың 17 ақпанынан бастап Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректорының міндетін атқарады.

 

 Панин Михаил Семенович
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор


1940 жылы 6 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Бородулиха ауданы Камышенка селосында дүниеге келді.
1963 жылы Семей педагогикалық институтының биология-химия  факультетін үздік бітірді. М.С.Панин ассистенттіктен оқу орнының бірінші басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.
Халықаралық Өмірбаяндарды Зерттеу Орталығы (Кембридж, Англия) оған ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін "Әлемнің жетекші ғалымы" атағын берді.    "Әлемнің жетекші ғалымы" сыйлығының номинанты ретінде ол "Әлемнің жетекші ғалымы - 2007" күміс медалімен, ерекше дипломмен марапатталып, барлық әлемдік кітапханаларға таратылатын бүкіл әлемге белгілі "21 ғасырдың аса көрнекті ғалымдары" анықтамалығына есімі енгізілді.    
Ол - Қазақстан биосферасындағы химиялық элементтерінің мөлшерін және олардың орындарының ауысуын зерттеу саласындағы республиканың жетекші ғалымы болып табылады. Шетелдік, республикалық басылымдарда оның 1000-нан астам ғылыми жұмыстары жарық көрді. 4 ірі ғылыми монографияның, Қазақстандағы, Ресейдегі жоғары оқу орындарында қолданылатын бес негізгі оқулықтардың және оқу-әдістемелік құралдардың авторы. "Химиялық экология" оқулығы үшін ғалым А.Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталды. Ол "Ізденіс", "Қазақстанның биология ғылымдары", "Экосфера", "СМПИ Жаршысы" журналдарының редколлегия мүшесі.  
М.С. Панин Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық білімді гуманизациялау академиясының академигі, Акмеологиялық білім беру ғылымдары халықаралық академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан жоғары мектебі ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей жаратылыстану ғылымдар академиясының толық мүшесі, Қазақстан республикасы Білім академиясының корреспондент-мүшесі.
Оған  "ҚазКСР-і жоғары мектебінің Құрметті қызметкері", "Семей қаласының Құрметті азаматы" атақтары берілген. Табысты ғылыми-педагогикалық қызметі үшін "Құрмет белгісі" орденімен, В.И.Лениннің 100 жылдығына "Қажырлы еңбегі үшін", Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медальдарымен, "КСРО ағарту ісінің үздігі", "Қазақ КСР-нің білім білім беру ісінің үздігі", "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі", "Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін", "Достық ісіне қосқан үлесі үшін" (Ресей шетел орталығы) және Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Орыс халқының мәдени мұрасын сақтауда, мәдениеттердің, ұлттардың жақындасуына, қосқан зор үлесі үшін Орыс мәдени орталығының жетекшісі М.С.Панинге Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің Жарлығымен 2007жылы  29 қарашада Пушкин медалі берілді.

1971 ж. - химия кафедрасның меңгерушісі
1972 ж. - биология-химия факультетінің деканы, оқу жұмысы жөніндегі проректоры
1985 ж. - педагогикалық институттың ректоры
1995 ж. - жаңадан құрылған "Семей" мемлекеттік университетінің ректоры
1997 ж. - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры
2004 ж. - оқу ісі жөніндегі проректоры
2005 ж. бүгінге дейін ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, экология және география кафедрасының меңгерушісі



 

Есенжолов Ерғали Қабдоллаұлы
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


1949 жылы Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Изатолла ауылында туған.
1970 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын математика мамандығы бойынша үздік бітірген.
1981 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын математиканы оқыту әдістемесі мамандығы бойынша бітіріп, педагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғап шықты.
Е.Қ Есенжолов - жоғары мектеп саласында қызметін оқытушылықтан бастап, оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректорлыққа дейін көтерілген.
Ғылыми ізденістерінің нәтижесінде 3 ғылыми-әдістемелік құралы, 1 студенттерге арналған оқу құралы жарық көрді.
Жастарға білім беру, тәрбие жұмысын атқарудағы көп жылғы үлгілі еңбегі үшін Білім және ғылым министрлігінің алғысымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі", "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгілерімен марапатталған.
Халықаралық педагогикалық білім академиясының және Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының корреспондент-мүшесі.

1975 ж. – геометрия және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы
1983 ж. – геометрия және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
1990 ж. – геометрия және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі
1991 ж. – физика-математика факультетінің деканы
1997 ж. - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде әлеуметтік-экономикалық істер және тәрбие жұмысы бойынша проректоры
2003 ж. - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры
2004 ж. - Семей мемлекеттік педагогикалық институтінің Мұғалімдерді қайта даярлау және білімін жетілдірудің аймақтық орталығын директоры, математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі
2005 ж. - Семей мемлекеттік педагогикалық институтінің оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры
2007 ж. – М.О. Әуезов атындағы университетінің оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры
2008 ж. қарашадан бүгінгі күнге дейін Семей мемлекеттік педагогикалық институтының әлеуметтік істер және тәрбие жұмыстары бойынша проректоры

 

 

Искакова Гүлнар Қожағұлқызы
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының оқу  әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, саясат ғылымдарының докторы, профессор.

Искакова Гүлнар Қожағұлқызы 1961жылы 5 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келді.
-  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Президент степендиясының иегері, Питтсбург университетінде ғылыми – тәжірибеден өткен (АҚШ 2010жыл).
-  Ғылым дамуына сіңірген зор еңбегі үшін, Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері 2008-2010ж.ж.
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының (ЖОО) үздік оқытушысы»  Мемлекеттік гранттың екі дүркін иегері (2005 ж., 2010ж.)
-  2007 жылдан Ресей Федерациясы саясат ғылымы Академиясының мүшесі.
- 2009 жылдан Педагогикалық білім беру халықаралық ғылым Академиясының (ПБХҒА) академигі.
-  Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің  Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған (2009ж.).
- Ғылыми және педагогикалық қызметтегі жоғары жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2007ж.).
-    Білім беру қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің  құрметті грамотасымен  марапатталды (2005ж.).
Білімі:
2011 жылы – Рэдинг университетінде (Ұлыбритания) тәжірибеден өтті.
2010 жылы – «Болашақ» бағдарламасы  бойынша Питтсбург университетінде (АҚШ) ғылыми тәжірибеден өтті.
2008 жылы – М. Ломоносов атындағы ММУ мемлекеттік басқару факультеті, мемлекеттік басқарудағы мәселелер бойынша жазғы мектеп.
2007 жылы – «Саясаттану» мамандығы бойынша профессор атағын алу.
2006 жылы – Сант – Петербург қаласының «Стратегия» зерттеу Орталығында тәжірибеден өтті.
2005 жылы – 23.00.02 «Саяси институттар және саяси процестер» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғау (Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті).
2000ж. – 2002ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Саясат және құқық философиясы» мамандығы бойынша докторантураны тәмамдады.
1997ж.- 2000ж. - «Қайнар» университеті заң факультетінің заңгер- құқықтанушы мамандығын бітірді.
1999 жыл 12 ақпан - Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы ЖАК шешімі бойынша доцент ғылыми атағын алды. ДЦ № 0002967 дипломы.
1988 ж. -  кандидаттық диссертация қорғау. Ғылыми атағы: тарих ғылымдарының кандидаты. 1989 жыл 26 сәуір Мәскеу қаласының Жоғары аттестациялық комиссиясынан  берілген диплом № 013784.
1985ж. – 1987ж.- Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтындағы аспирантура  (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ).
1978ж. – 1989ж. – Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институты, тарих – педагогика факультеті. Мамандығы: тарих және қоғамтану мұғалімі.
Кәсіби тәжірибелігі:
   25 жылдан артық ғылыми – педагогикалық жұмыс өтілі бар. Педагогика факультетін үздік дипломмен бітіріп, 1983 жылдан бері Семей мемлекеттік педагогикалық институтында қызмет етіп келеді. Тарих, саясаттану оқытушысы, құқық және экономика кафедрасының  меңгерушісінен тарих факультетінің деканына дейін көтеріліп, жоғары мектеп педагогының кәсіби өсу жолының барлық сатысынан өтті. Ұйымдастырушылық қабілеті өзі басқарған кафедралар(1996-2005ж.ж.), факультеттегі атқарылған тығыз және шығармашылық жұмыстарынан (қаңтар 2006ж. – қыркүйек 2009ж.) көрінеді.
    Ғылыми-педагогикалық қызметі кәсібилігі, біліктілігі, жауапкершілігі жоғары ғылыми нәтижелерімен, бағалаудағы тәуелсіздігі және әділеттілігімен ерекшеленеді.  Әр түрлі оқу жұмыстары білім берудің қазіргі заманауи технологияларын пайдалану арқылы жоғары ғылыми – теориялық дәрежеде орын алады.
   Ғылыми қызығушылық саласы: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, саяси институттар және саяси процестер, соның ішінде электоральды мәселелер, адам құқықтары, мемлекеттік және қоғамдық саясат. 185 астам еңбектері оның ішінде 2 монография, 9 оқу құралы жарыққа шықты. 2000 - 2010 жылдар аралығында АҚШ, Польша, Болгария, Ресей, Украина, Қырғызстан, Қазақстанда өткізілген 83 халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысты. ТМД елдері мен республикамыздың алдыңғы қатарлы ғылыми басылымдарда өзінің ғылыми нәтижелерін үнемі жарыққа шығарып отырады.
    Тәжірибесі:
-    зерттеу және сараптау –аналитикалық жұмыс тәжірибесі, соның ішінде қоғамдық саясат саласындағы қолданбалы зерттеулер (мысалы «ҚР  жергілікті өзін - өзі басқару үлгісін таңдау және  бейімделу мәселелері: заңдылық және әлеуметтік аспектілер (Қарағанды және Семей облыстары материалдарында») жобасының жүзеге асуы, сонымен бірге, 2002 жылы Еуразия қорымен өткізілген «Қоғамдық саясат саласындағы қолданбалы зерттеулер» сайысы көлеміндегі зерттеулері;
-    саяси кеңес  беру тәжірибесі: мемлекеттік органдар басшыларына, оның ішінде Семей қаласы әкімшілігіне, денсаулық сақтау және білім беру департаментіне, жергілікті өкілетті органдарға (мәслихат) және  PR компаниясының  ұйымдастыру жұмыстарын жоспарлау, аймақтағы саяси жағдайларды сараптау және т.б. мәселелер бойынша саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге кеңес беру.