ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Жастар ісі жөніндегі комитеті
 

   Жастар ісі жөніндегі комитеті - Семей  мемлекеттік педагогикалық институты студенттерінің оқыту мен білім беру процессіндегі құқығын және  олардың қоғамдық өміріндегі маңызды мәселелерді шешуде белсене аралас қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында құрылған студенттік өзін өзі басқару жүйесініің құрамдас бөлігі.

Жастар ісі жөніндегі комитет қызметтері

1.Жастар саясатын қолдап, жүзеге асырудың жолдарын қарастыру
2.Институтта, факультетте, топта білім беру мен тәрбие процессінің жүйелі түрде жүзеге асуын, студенттер ұжымында шығармашылықтың қалыптасуын
3.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
4.Бағыт бойынша байқаулар мен сайыстар ұйымдастыру
5.Институттағы қоғамдық ұйымдардың жұмысын қадағалау, жастар мәселесінің уақытылы шешу

Жастар ісі жөніндегі комитетінің құрылымы
 

 
Косетова Феризат - жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы қызметін атқарады. Алдымен комитетті басқаруды жүзеге асырып, жұмысының атқарылуын қадағалайды. Комитет жиналыса дауыс беру арқылы үміткер таңдалып, әлеуметтік  мәселелер және тәрбие ісі жөніндегі проректорымен төрайым бектіліп, бір жыл шамасында жұмыс атқарады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Малгаждаров Мирас - жастар ісі жөніндегі комитеттің қоғамдық ұйымдар жұмысын қадағалау жөніндегі төрайымның І-ші орынбасары. Ұйым жұмыстарына бағыт бағдар беріп, институттағы жастар ұйымдары мен ұжымдар жұмысын бір арнаға салып, оларды ақпаратпен қамтамасыз етеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жуніс Данияр - жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымының кіші декандар ісін басқару жөніндегі ІІ-ші орынбасары. Оның негізгі қызметіне кіші декандарға көмек беріп, олардың жоспарларының жүзеге асуын ұйымдастыру.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Парменова Ажар - жастар ісі жөніндегі комитеттің хатшысы. Комитет мүшелерін ақпаратпен қамтылуды қамтамасыз етеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мақсымбаев Мадияр – жастар ісі жөніндегі комитеттің IT менеджер. Барлық шаралардың безендірілуі мен слайд-презентацияларды дайындаумен айналысады. Кез келген шараның қайталанбас етіп әзірленуін, жан-жақты қамтамсыз ететін, Жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшесі.
Кіші декандар Жастар ісі жөніндегі комитетінің құрамдас бөлігі болып табылады.Кіші декандар институттағы әр факультет студенттерінің құқығының қорғалып , тәрбиелік іс – шаралардың атқарылуына үлес қосады.
 
 
 
 
 

Кіші декандардың негізгі қызметтері

• Кіші деканаттың жұмысына жауап беру;
• Жүйелі түрде есеп беру;
• Қоғамдық өмірге белсене араласып, студенттерді белсенділікке шақыру;
• Студенттерді институттың нормативті құжаттарымен жүйелі түрде таныстырып отыру;
 

Исаинова Диана - Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Педагогика - психология факультетінің кіші деканы.
 
 
 
 
Тұрысбек Айнаш - Физика математика факультетінің кіші деканы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Баратова Ақмаржан - Қазақ филология факультетінің кіші деканы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаппар Асемгуль - Жаратылыстану факультетінің кіші деканы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақанов Арман  - Тарих-филология факультетінің кіші деканы.
 
 
 
 
 

Институтта Республикалық деңгейде жұмыс атқаратын жастар қоғамдық бірлестіктердің өкілдіктері жұмыс атқарады

 
 
 
 
 
Смагулова Ардақ –жастар ісі жөніндегі комитеттің  «Студенттік кәсіподақ ұйымының» төрайымы. Студенттердің қоғамдық-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында құрылған ерікті студенттер ұйымы. Ұйым құрамы төрайым орынбасарынан және әр факультет өкілдерінен тұрады.

     

 

 

        Исабай Айқын - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Нұр Отан» ХДП  «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы. Жас Отан-ның  Негізгі мақсаты: мықты да, беделді  көш бастайтын жастардың саяси ұйымын құру. Хатшының екі орынбасары, және ұйым мүшелерінен тұрады.

 
 
 
 
 
Қалымов Ернар  - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Қазақстан студенттер Альянсы» көшбасшысы, студенттік омбуцмен. ҚСА негізгі мақсаттары студенттер мен жастардың құқықтарын қорғап, олардың қоғамдық-экономикалық мәселелерінің шешілуін қаматамасыз ететін бірден бір ұйым.
 
 
 
 
 
   
Ахметжанова Балжан – жастар ісі жөніндегі комитеттің «Жатақхана кеңесінің» төрайымы. Ұйымның құрылымында төрайымның орынбасары, әр қабаттың старосталары және хатшы бар.Негізгі мақсаттары студенттердің күнделікті өмірінде кездесетін кикілжіңдерін шешу, жатақханадағы тәртіптің сақталуын, қабаттағы заттарға ұқыпты қарап, санитарлық талапқа сай тазалықтың сақталуын кадағалау.
 
 
 
 
Нұрымханова Еңлік – жастар ісі жөніндегі комитеттің «Парасат» дебат клубының  координаторы. «Парасат»  дебат клубы студенттерді төзімділікке, көшбасшылық, ораторлық қабілетін шыңдауға баулитын ерікті қоғамдық ұйымдардың бірі. Дебат клубының мақсаты жаңашыл, талантты студенттермен жұмыс жасау. Сонымен қатар Ұйымның құрамында орыс дебат клубының координаторы және пікір-сайысшылар. Айта кететін жайт СМПИ-ның Парасат дебат клубы қалалық, аудандық, Республикалық тіпті халықаралық  турнирлердің жеңімпаздары.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алтыбаев Мейіржан - жастар ісі жөніндегі комитеттің КТК (КВН) лигасының президенті, «Серілер» командасының капитаны. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының КТК лигасы орыс және қазақ лигасынан тұрады. КТК лигасының мақсаты  шығармашыл, орынды әзілімен көзге түскен студенттермен жұмыс атқару. Институттың «Серілер» КТК командасы Республикалық ойындарының жүлделі ойындарының иегерлері.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тлекенов Абзал - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымының» төрағасы. СҚК әрбір шарада олар студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шара барысында тыныштықтың сақталуын да қадағалайды. Сонымен қатар барлық ұйымдармен тығыз қарым – қатынаста жұмыс жасайды.
«Студенттік құрылыс және еңбек отрядтары» - студенттердің демалыс уақытында қоғамға да, өзіне де  пайдалы іспен айналысуға шақыратын ерікті студенттер ұйымы. Мақсаты екінші дәрежелі жұмыспен қамти отыра,еңбекқорлыққа, қоғаммен жұмыс жасауға баулу.Негізінен мынадай құрылымнан тұрады.Отряд командирі, Жасыл ел отрядының командирі және қатардағы студенттер.
 
 
 Жақасбекова Әйгерім - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Баспасөз клубының» төрайымы. Жастар ісі жөніндегі комитетіндегі атқарылып жатқан шараларды қалалық баспасөз беттеріне, сонымен қатар институт сайтына мақала жазу арқылы студенттерді ғана емес, қоғамды Семей мемлекеттік педагогикалық институтының шаңырағында  ұйымдастырылып жатқан шаралармен таныстырып отыратын – Баспасөз клубы жұмыс атқарады. Клубтың құрамында 8 меншікті тілші жұмыс атқарады.