
|
ИНСТИТУТ ТАРИХЫ
Институттың қалыптасуы
Семей мемлекеттік педагогикалық институты - мемлекетіміздің ірі жоғары оқу орындарының бірі болып саналады, 75 жыл мерзімінде даңқы мол тарихы бар еліміздің педагогикалық ғылымның және жоғары білімнің флагманы болып табылады. Институт тарихы 1934 жылдан басталады. Орта мектептерге екі жылдық мұғалімдерді даярлау курстардың негізінде қалада бірінші жоғары оқу орны мұғалімдер институты (1937 ж. бастап педагогикалық) құрылды. Педагогикалық институтта 3 факультет болды: физика-математика, жаратылыстану, орыс тілі және әдебиеті. .jpg)
1935 жылы қантар айында мұғалімдер институты атақты КСРО жоғары оқу орындарының тізіміне кіргізілді.
1936 жылы институт ең алғашқы түлектерді шығаруда, 73 түлектір білім алды, солардың қатарында 17 тарихшы болды.
1939 жылы 9 наурызда педагогикалық институтқа Н.К.Крупская есімі берілді.
Жоғары оқу орны соғысқа дейінгі жылдарда 500-ден астам маман шығарып, республикалық білім беру жүйесіне қажет педагог кадрлар даярлауда жетекші рөл атқарды. Мұнда атақты ғалымдар, педагогтар А.А.Киселев, Б.А.Агапов, М.М.Беляев, Д.И.Ларин, А.М.Лукьяненко, В.Г.Совсун, Н.Н.Феденев, З.Ф.Троицкая, А.Б.Тұрсынбаев, А.А.Курочкин, Д.Ч.Чакенов, Л.М.Перелыгин, К.М.Мұхамедханов қызмет істеді.
Институт соғыс күндері
Ұлы Отан соғысының бірінші айларында институттан майданға 40 оқытушы, 50 студент аттанды. 1941 жылы институт алғашқы рет 44 маман шығарды.
Ұлы Отан соғысында Семей педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттері А.Қалжанов, С.И.Мариненко, Р.Шәкіржанов, В.Е.Иванов, Г.И.Обухов, Д.И.Ларин, М.Асқаров, С.Волков, Б.Ахметов, М.Кәрібаев, А.Долгих, М.Белых, Х.Закиров, С.Х.Мусин ерлікпен қаза тапты.
Соғыс уақытына қарамастан, жоғары оқу орындары мамандарды даярлай берді.
Ұлы Отан соғысы кезінде институтта Ким Н. С. басшылық етті.
1944 жылы институтта 4 факультет құрылды: филология, тарих, физика-математика, жаратылыстану. Бұл жылдарда профессорлар: И.М.Ивенский, П.А.Мицкевич, А.П.Нечаев, доценттер: М.Я.Ханютин, Б.Г.Певный, Г.Ф.Бутлер, оқытушылар: Н.И.Малеванная, О.Ф.Царевская, Г.В.Царевская, Н.И.Бутлер, Т.Н.Ван қызмет істеді. Көп жылдар бойы студенттерге өз білімдерін, тәжірибелерін берген соғыс ардагерлері: А.А.Курочкин, Р.Барлыбаев, Л.М.Перелыгин, Т.И.Аманов, В.И.Маслов, Д.Ч.Чакенов, Г.И.Кирилов, И.Т.Приходько, К.Оразалин, Н.П.Чернышев, Е.Соина.
Соғыстан кейін институт педагогтар даярлайтын ірі оқу ордасына айналды.
Осынау қиын жылдарда Халық комиссариат институттың он жылдық мерейтойын атап өтті.
Институт соғыстан кейінгі уақытта
Осы кезде студенттер контингенті өсіп, институттың оқу-материалдық базасы да дамыды. 1964-1969 ж.ж. екі студенттік жатақхана салынды, негізгі оқу ғимаратының құрылысы аяқталды. 1977 ж. спорт кешені де салынып бітті. Кейіннен тағы бір жатақхана салынды..jpg)
1969 жылы даярлау бөлімі өз қызметін бастады. 60-80 ж.ж. институтта дене шынықтыру, көркем-графикалық, тарих-педагогика факультеттері ашылды. Институт құрамына 31 кафедра кірді, 15 мамандыққа даярлады.
Осы жылдарда мамандарды даярлауға зор үлес қосқандар: А.С.Павлов, Д.В.Лоптухов, С.М.Симхович, Х.Н.Нұрхайдаров, Е.М.Клочков, В.Г.Прокопенко, Р.И.Чернакова, А.И.Курбатова, Ж.А.Бекбаев, Т.К.Қасенов, О.В.Ярков, С.М.Борбасов, В.И.Гноевых, В.П.Луковенко, М.М.Түйебаев, А.К.Әлжанов, С.М.Юрин.
Факультеттердің дамуына, нығаюына көп еңбек сіңірген декандар: А.А.Юнусов, В.С.Городецкая, Г.М.Нестерова, А.С.Еспенбетов, Ғ.Е.Есімов, Г.Д.Даутбаев, К.Ж.Әмірғазин, В.Р.Маневич.
Көп жылдар бойы оқу және ғылыми жұмыстардың проректорлары болып ғылым кандидаттары, доценттер: В.И.Травников, Д.Д.Сүлейменов, С.С.Маусымбаев, Р.М.Мыңжанов, Л.И.Троицкая қызмет етті.
Педагогикалық институттың базасында облыстық балалар демалатын лагерьлеріне жылда баратын 10 педагогикалық отряд құрылды. Жасөспірім тәрбиесіне зор үлес қосқан отрядтар: "Мицар", "Зорянка", "Сокол", "Комиссары" республикалық деңгейде аталынды. Жетекші қозғалысының ұйымдастырушылары және белсенді қатысушылары: Р.Зиновьев, Т.Мищенко, А.Пащенко, Л.Грицук, В.Миллер, Д.Бралинова, А.Иманалинова, С.Сальникова, Н.Сулимова, А.Магауова, Б.Атантаева, А.Пожаров, А.Артемов, М.Барабанова, Д.Ізбасарова т.б. Үздік жетекшілер тәжірибелену практикасын "Артек" бүкілодақтық пионер лагерінде өтті. Олар: Е.М.Тарасенко, В.Т.Топорков, А.А.Артемов, Г.Т.Раева, Н.Неустроева және т.б.
Жоғары оқу орны факультеттері базасының негізінде "Дауылпаз", "Графит", "Олимп", "Антей" студенттік құрылыс отрядтары жұмыс істеді. Құрылыстық қозғалыстың белсенділері: А.М.Қасенов, А.А.Ахметжанов, Ғ.Е.Есімов, К.Ж.Әмірғазин, А.Тупий, Қазақстандағы бірінші "Аэлита" студенттік қыздар құрылыс отрядының командирі Н.Беккер.
Әртүрлі объектілердің құрылысындағы жетістіктері үшін, белсенді насихаттау қызметі және республиканың совхоздары мен колхоздарындағы қамқорлық жұмысы үшін студенттік отрядтар құрмет грамоталарымен марапатталды.
Институтта қоғамдық мамандықтар факультеті де қызмет етті, оның құрамында "Жас лекторлар мектебі", комсомол және пионер жұмысының әдістемелік бөлімі болды. Облыс және қала мектептерінде көпшілікке мұғалім мамандығын насихаттау үшін "Жас педагог" университеті қызмет етті.
Сол жылдарда институттың студенттік өнерпаз драма театры бүкіл халыққа әйгілі болды, ал 1960 ж. республикада бірінші болып халық таеатры атағын алды.
1985 – 2008 жылдары институт өмірі
1985 – 1995 жылдары институт ректоры М.С.Панин болды.
80 ж. аяғында 90 ж. басында мамандықтардың саны көбейді, "Бастауыш білім әдістемесі", "Бастауыш білімнің педагогикасы және психологиясы" бөлімдері ашылды..jpg)
1993 ж. М.С.Панин және Қ.Мұхамедханов бастамасымен институтқа Шәкәрім есімі берілді.
2004 жылы ҚР Үкіметінің шешімі бойынша Семей мемлекеттік педагогикалық институты жеке кәсіби жоғары оқу орны статусын алды, осы жылы сәуір айында Е.Б.Сыдыков ректор болып тағайындалды.
Сол кезеңде жоғары оқу орны ЮНИСЕФ глобальды білім жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім жобасына қатысты. Соның шеңберінде педагогикалық институттың оқытушылары ауыл мектептерінде инновациялық әдістермен жұмыс істейді. Институт ұжымы RWCT бағдарламаны (оқу және жазу арқылы сұрыптай өй-өрісті дамыту) жүзеге асыруда үлкен тәжірибе жинақтады.
Ауыл мектептеріне көмек беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ғылыми-педагогикалық отряд құрылды. Жоғары оқу орнының оқытушылары ауыл мектептеріне барып, педагогикалық және әдістемелік ғылымның ең жаңа жетістіктерін пайдаланып, ашық сабақтар өткізді. Бұл жұмысқа белсенді қатысқан оқытушылар: М.С.Панин, Г.А.Бадамбаева, Қ.Н.Нұрсұлтанов, М.А.Зарифова, Н.Л.Татаурова, Е.М.Тарасенко, Л.С.Ибраева, В.П.Бурулько, Р.Р.Абдрахманова, Л.Б.Ғабдуллина, Г.М.Ноғаева және т.б.
Институттың профессорлық-оқытушылар құрамы ауыл мектептеріне көмек ретінде оқу-әдістемелік, көркем әдебиет кітаптар жинақтайды.
Жоғары оқу орнының оқытушылары қала және ауыл мектептерінің мұғалімдерінің "Дарын" ҒПО әдістемелік бірлестігінің жұмысына мектеп оқушыларының әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына белсенді қатысады. Орта білім беретін мектептердің базасының негізінде кафедралар филиалы қызмет көрсетеді.
Институттың қазіргі өмірі
2008 жылдан бастап институт ректоры М.Ғ.Ескендіров тағайындалды.
Институттың тікелей жалпы басшылығын ректорат атқарады. Ректораттың құрамына бірінші проректор - оқу істері жөніндегі проректор А.А. Талтенов, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор М.С. Панин, әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Е:Қ.Есенжолов кіреді.
Институт құрамында 5 факультет (тарих-филология, педагогика-психология, қазақ филологиясы, жаратылыстық ғылымдар, физика-математика, 17 кафедра.
Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасында 7 оқу ғимараты, спорт кешені, 2 жатақхана, агробиостанция, 300 мың данадан астам кітап қоры бар кітапхана, оқу-өнеркәсіптік және көркемөнер шеберханалары, 600 орындық ашық спорт алаңы бар. Ертістің жағалауында оқұ-сауықтыру базасы бар.
Институтта 2 ресурстық орталықтар қызмет істейді. 9 арнайы компьютерлік сыныптар орнатылды. Интерактивтік, мультимедия бағдарламаларымен оқытылатын лингвистикалық орталық, ағылшын-американдық әдебиет шеберлерінің шығармаларының медиатекасы электрондық энциклопедиялар TOEFL, GMAT, GRE тестілері бар.
Институттың барлық ғимараттарын байланыстыратын Интернет жүйесінің қорларына кіруге мүмкіндік беретін жоғары оқу орнының корпоративтік жүйесі құрылған. Институттың www.sgpi.kz сайты бар.
Института ғылыми орталық және бөлімшелер қызмет атқарады:
1. Манаш Қозыбаев атындағы тарихи және әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми орталығы. Орталықтың директоры М.Қ.Каримов, т.ғ.к., доцент..jpg)
2. Мемлекеттік тілді оқыту орталығы. Орталықтың директоры - Р.С. Мәмбетбаева.
3. "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық отралығының филиалы. Орталықтың директоры Н.Л.Татаурова, п.ғ.к., доцент.
4. Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы. Орталықтың директоры – О.Т.Солтанбекова, п.ғ.к., доцент.
5. Халықаралық бағдарлама және тілдер білімі орталығы. Орталықтың директоры - Н.М.Төлебаева.
Дайындық бөлімі. Жетекшісі М.О.Абдикаримов.
6. Лекотека. Меңгерушісі О.Е.Андронова.
7. Тестілеу орталығы. Директоры М.С.Аралханов, б.ғ.к.
Біздің жоғары оқу орнында дарынды студенттердің өнерін дамытуға, шығармашылық ой-толғаныстарын өмірде іске асыруға толық жағдай жасалған. Фольклорлық және вокалды ансамбльдер, студенттік халық аспаптар оркестрі, рок-тобы, студенттік драма театры, сән театры, ақындар мектебі, поэзия клубы, КТК командасы жұмыс істейді.
Қазіргі Семей мемлекеттік педагогикалық институтының - оқу тәрбие үрдісін сәтті ұйымдастыруға және мұғалімдер кадрларын сапалы даярлауға түгел жағдай жасалынған Шығыс Қазақстан аймағындағы бірегей оқу-ғылыми, мәдениет орталығы ЖОО түгел қызметі ҚР білім жүйесіндегі іргетасының нығайуын қамтамасыздандыруға бағыттталған, Қазақстандық білім дамуына зор үлес қосады.
|