ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















Хабарландыру! 

Семей мемлекеттік педагогикалық институты Ғылыми кеңесінің отырысы
2012 жылыдың  29 мамыр күні, сағат 15.00-де өткізіледі
КҮН ТӘРТІБІ


Хабарландыру! 

Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы 2012 жылдың 18 мамыр күні сағат 16.00 - де СМПИ №1 ғимаратының конференц залында  «Білім берудің жаңа парадигмасы» тақырыбында әдістемелік семинар өткізеді. Семинар қазіргі білім беру модельдерінде білімді басқару және жаңа педагогикалық менеджмент сұрақтарына арналады.  Институттың  барлық кафедра меңгерушілері, әдіскерлері және оқытушылары шақырылады.


Хабарландыру! 

2012 жылдың 31 мамыры күні сағат 14.00-де  СМПИ №1 ғимаратының акт залында Халықаралық білім беру технологиялары зертханасы шығармашылық есеп береді. 
Шығармашылық есеп бағдарламасының  I, III және IV бөлімдеріне  қатысуға  1-2 курс студенттері шақырылады (факультеттен 20 адам).
2012 жылдың 20 мамырына дейін бағдарламаға қатысушылардың (20 студенттің) тізімін берулеріңізді сұраймыз және олардың толық қатысуы қамтамасыз етілсін.
Шығармашылық есептің II бөліміне қатысу үшін факультеттен құрамы 5 адамнан тұратын команда құрылуы керек. Бағдарламалық  конкурсқа қатысуға сұраныс 2012 жылдың 20 мамырына дейін беріледі.
Барлық 25 студенттің қатысуы алдын ала дайындықты қажет етпейді.


 

Хабарландыру! 

14.05.2012–18.05.2018 аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының психология-педагогика факультетінің 5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 6 студенттері және топ жетекшісі -  педагогика кафедрасының оқытушысы Қариев Ә.Д.  Барнаул қаласының Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы ұйымдастырған Нұсқаулық-әдістемелік лагерь жұмысына қатысады.


Хабарландыру! 

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «2012 жылға мемлекеттік оқу орындарының педагог мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бюджеттік (ақысыз) бағдарлама бойынша Шығыс Қазақстан облысы мектептері, гимназиялары, лицейлері мен колледждері мұғалімдерінің  екі апталық (72 сағат көлемінде) біліктілікті арттыру курстарын 2012 жылдың  11 маусымнан  23 маусым аралығында мына бағдарламалар бойынша өткізеді:
1.Шағын мектеп мұғалімдерінің кәсіби қызметіндегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (география, тарих, математика)
2.Пән мұғалімдерінің ақпараттық – коммуникациялық құзереттілік деңгейін жетілдіру (қазақ тілі мен әдебиеті қазақ мектептерде, мемлекеттік тіл орыс мектептерінде)
3.Бейнелеу өнері, сызу және технология мұғалімінің кәсіби қызметінде электронды оқытуды қолдану 

Оқыту тілі – қазақша және орысша. Сабақ 14.00 ден 18.30 сағат аралығында өтеді.
Курс аяқталуымен бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.
Біліктілікті арттыру курстарына тапсырыс 2012 жылдың 8 маусымына дейін қабылданады.    
Курсқа қабылдану үшін тыңдаушылар төмендегі құжаттарды өткізуі тиіс: жеке куәлігінің көшірмесін, диплом көшірмесін, бекітілген үлгідегі өтініш.
Сонымен қатар ақылы түрде 72 сағат көлемінде (2 апта) біліктілікті арттыру курстарынан өтуге болады. Ақысы  - 14 000 теңге.
Семей қаласы Е. Қашаған көшесі, 1, факс 8(7222)77-32-09, тел: 8(7222)77-32-09, E-mail: rcpk@sgpi.kz


Хабарландыру! 

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ Шығыс Қазақстан облысы мектептері, гимназиялары, лицейлері мен колледждері мұғалімдерінің  үш күндік (18 сағат көлемінде) біліктілікті арттыру семинарын 2012 жылдың  11 мамырынан  13 мамыр аралығында «Аула клубтары балаларының демалысын ұйымдастыру мүмкіндіктері» бағдарламасы бойыншы өткізеді.
Оқыту тілі – қазақша және орысша. Сабақ 14.00 ден 18.30 сағат аралығында өтеді.
Курс аяқталуымен бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.
Біліктілікті арттыру курстарына тапсырыс 2012 жылдың 11 мамырына дейін қабылданады.    
Курсқа қабылдану үшін тыңдаушылар төмендегі құжаттарды өткізуі тиіс: жеке куәлігінің көшірмесін, диплом көшірмесін, бекітілген үлгідегі өтініш.
Семинар ақысы  - 4 000 теңге.
Семей қаласы Е. Қашаған көшесі, 1, факс 8(7222)77-32-09, тел: 8(7222)77-32-09, E-mail: rcpk@sgpi.kz


Хабарландыру! 

2012 ж. 11-13 маусым аралығында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Халықаралық «Болашақ» шәкіртақысын тағайындау «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдерімен кездесу өткізіледі.
Бітіруші студенттер, магистранттар және оқытушылар шақырылады.
2012 ж. 11 мамыр сағ.15:00 (акт залы) - «Халықаралық «Болашақ» шәкіртақысын тағайындау «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдерімен кездесу.
2012 ж. 12-13 мамыр сағ.9:00-ден сағ. 17:00-ге дейін (120 дәрісхана) – құжаттар қабылдау, консультация
 

АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ



      Семей мемлекеттік педагогикалық институты  2012 жылы  27  сәуірде, сағат 15.00-де  СМПИ бас ғимаратының акт залында мектеп (лицей, гимназия) және колледж түлектеріне «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» шарасын өткізеді.   
«Ашық есік күні»  бағдарламасында:
•    институт басшылары, факультет декандары және кафедра меңгерушілерімен, институттың белгілі ғалымдарымен, «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлерімен кездесу;
•    жоғары оқу орнына қабылдаудың типтік бағдарламасымен, 2012  жылдағы ҰБТ және  кешенді тестілеудің (КТ) ерекшеліктерімен танысу;
•    институт ғалымдары мен оқытушыларының және студенттерінің ғылыми жұмыстары мен  жетістіктері көрмесінің  ұйымдастырылуы;
•    Барлық сұрақтар бойынша кеңес беру қамтылған.

Егер Сіз біздің институтымыз, факультеттер, мамандықтар, институттқа дайындалу жүйесі мен қабылдану  туралы толық мағлұмат алғыңыз келсе «Ашық есік күніне» шақырамыз.

Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі №1, СМПИ бас ғимараты. Анықтама телефондары: 36-06-60, 36-01-50, prof@sgpi.kz.


Хабарландыру! 

Семей Мемлекттік педагогикалық институты Сіздерді 2012 жылдың 17-18 мамырда өткізілетін  «Жоғары оқу орындарының білім үрдісіне  көптілділік  білімді енгізудің  өзекті  мәселелері»  атты Халықаралық   ғылыми-практикалық конференцияға  қатысуға шақырады.
Конференцияның негізгі  мәселелері  бойынша тақырыптар  бағыттары:
1.    Көптілділік аспектіде  әлеуметтік, гуманитарлық, жаратылыстық – математикалық және техникалық  пәндерді оқыту мәселелері.
2.    Қөптілділік білімді іске асыруда «ЖОО- мектеп»  бағдарламасы:  алдыңғы қатарлы оқу орындарының  тәжірибелері.
3.    Мемлекеттік және шет тіліндегі педагогикалық білімді жетілдіру.
4.    Аударма ісінің өзекті мәселелері.
5.    Көптілділікті қалыптастыру жағдайындағы  қазақстандық әдебиеттер.

Ақпараттық хат


Хабарландыру! 

20 сәуір күні сағат 14.00 кітапхананың оқу залында «Ұстаздық еткен жалықпас» атты іс-шаралар аясында Семей мемлекеттік педагогикалық институты оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, саяси ғылымдар докторы Искакова Гүлнар Қожағұлқызы және педагогика ғылымдары кандидаты, философия, құқық және экономика негіздері кафедрасы меңгерушісі Ғазизова Назигүл Слямболқызымен кездесу кеші өтеді.                                       


Хабарландыру!
 
2012 жылдың 20-22 сәуірінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтында экология-химия және география пәндер кафедрасында, экологиядан жалпы білім беретін мектептерде, гимназия-мектептерінде, лицейлерде 9,10,11 сынып оқушыларына арналған VI Республикалық олимпиадасы өтеді.
Олимпиада Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен педагогикалық білім Халқаралық академия ғылымдарымен бірге ұйымдастырылады.


Хабарландыру!
 
2012 жылдың 16 сәуірінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, ф.-м.ғ.д., профессор Мақтағали Әбдімажитұлы Бектемесовтың бұйрығымен, тарих-филология факультетінің деканы лауазымына т.ғ.к. Арафат Мәжитұлы Мамырбеков тағайындалды.

Хабарландыру!

18.04.2012ж. сағат 14.00-де №218 дәрісханада Семей мемлекеттік педагогикалық институтының  мемлекеттік тіл және шет тілдерінің практикалық курсы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен ағылшын тілі  пәнінен (барлық тілдік емес мамандықтар бойынша) 1-2 курс  студенттері арасында олимпиада өткізіледі.
 
ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
 
Олимпиада мақсаты:
-    Қазақстан Республикасының үштілділік саясатын жүзеге асыру;
-    студенттердің (тілдік емес мамандықтар) шет тілінен білімін  бағалау, шет тілін толық меңгеруге ынталандыру.
 
Олимпиаданы өткізу орны: №3 ғимарат, 218 дәрісхана
Өткізілу уақыты: 18.04.2012. сағат 14.00
Олимпиада шарттары: 1-2 курс студенттері (тілдік емес мамандықтар бойынша)  қатыса алады.

Олимпиада бағдарламасы төмендегідей:
 I кезең:     1. Лексика – грамматикалық тест
 II кезең:    1. Аудирование (тыңдап түсіну)
                    2. Жазу
                    3. Сөйлеу
    
«Ағылшын тілі» пәні бойынша олимпиадаға қатысушы студенттердің ауызша және жазбаша жауаптарын бағалау, білімін тексеру талаптары:
I кезең:    
1.Лексика – грамматикалық тест - 30 балл.       Орындау уақыты – 30 минут.
2-кезеңге 27-30 балл жинаған студент қатыса алады.
II кезең:      
     1. Аудирование (тыңдап түсіну) - 20 балл.     Орындау уақыты –  5 минут.
     2. Жазу   -    30 балл. ( жазбаша)                      Орындау уақыты – 10 минут
     3. Еркін тақырыпқа сөйлеу - 20 балл.              Орындау уақыты  - 5 минут
      Барлығы:  100 балл.
 III кезең: 
  Қортындылау және марапаттау
Әдістемелік нұсқаулар:
1.Лексика – грамматикалық тест: студенттер әр тапсырманың дұрыс жауабын белгілеуі керек. ( жазбаша)    
2. Аудирование (тыңдап түсіну): үн таспа екі рет тыңдалып, тыңдалған мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. ( жазбаша)    
3. Жазу. Берілген тақырыпқа шағын мәтін құрау.
4. Сөйлеу:  ұсынылған  тақырып бойынша әңгімелеу. (монолог)
 
Ұйымдастырушы: Мемлекеттік тіл және шет тілдерінің практикалық курсы кафедрасы, №3 ғимарат, №220 каб, тел: 77-34-47

 
 

Хабарландыру!
 
        2012 жылдың  30 наурызы күні сағат 14. 00 - де Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратының акт залында «Шығыс аймағының педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері мен өрістілігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына, мұғалімдерге және білім беру ұйымдарының жетекшілеріне, әдіскерлеріне және институт оқытушыларына, сонымен қатар институт бітіруші студенттерге  арналған семинар өтеді. 

 
 

Хабарландыру!
 

Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығында 2012 жылдың 26 наурыздан 31 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Көкпекті, Жарма, Үржар, Аягөз, Бородулиха, Жаңа Семей аудандарының және Семей қаласының 250 - ден астам мектеп, лицей, колледж мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері, сонымен қатар білім беру ұйымдары мен білім бөлімінің әдіскерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. 

 


Хабарландыру!

Құрметті әріптестер!

2012 жылдың 10 сәуірі күні, сағат 16.00-де институттың конференц –залында инновациялық педагогикалық білім Орталығының методологиялық семинар отырысы болады.
Семинар тақырыбы: «Жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық бағыттардағы ғылыми жобалар бойынша жүргізілетін жұмыстың методологиялық негіздері».
Семинарды физика және информатика кафедрасының п.ғ.д., профессор м.а. Мукушев Б.А. және қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Ақтанова А.С. жүргізеді.
 

 

Хабарландыру!

Институт кітапханасы «Дипломшылар күні» бойынша кешенді іс-шаралар циклының ашылуын жариялайды.
Бағдарламада ашық көрме, қойылған әдебиеттерге шолу және  «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипатнама. Жалпы талаптар мен жазба жасау  ережесі»
ГОСТ 7.1-2003  сәйкес пайдаланылған әдебиеттер тізімін өңдеу жөнінде кеңес беру.
26-30 наурыз аралығында кітапхананың ғылыми залында қазақ филологиясының 4 курс студенттеріне арналған кітап экспозициясы ұсынылады.

Хабарландыру!

Құрметті әріптестер!

    Инновациялық педагогикалық білім беру орталығы 27.03.2012 ж. күні, сағат 16.00-де бас ғимараттың конференц-залында «Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының жүргізілуін, жұмыс әдістері мен түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты методологиялық семинар өткізеді. Семинарды тренерлерді дайындау бойынша «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ-да Кембридж университеті қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген курстар тыңдаушылары, математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент О.М. Жолымбаев және қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.Т. Бибеков өткізеді.


Құрметті әріптестер!

    Ұйымдастырушы комитет Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 2012 жылдың аралығында өтетін 2012 жылдың 4-6 сәуір өтетін Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстық ғылымдар бойынша студенттердің VІІI ғылыми конференциясына  шақырады.
    Мекен-жайы: 071410, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Тәңірберген к., 1, Семей мемлекеттік педагогикалық институты.



Құрметті әріптестер!

  
  Ұйымдастырушы комитет Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 2012 жылдың 12-13 сәуірде аралығында өтетін Оқытушылардың VІІI жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік конференциясына шақырады.
    Мекен-жайы: 071410, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Тәңірберген к., 1, Семей мемлекеттік педагогикалық институты.


Хабарландыру!

Құрметті  әріптестер!
Семей Мемлекттік педагогикалық институты Сіздерді 2012 жылдың 19-20 сәуірінде  өткізілетін   «Жоғары оқу орындарының білім үрдісіне  көптілділік  білімді енгізудің  өзекті  мәселелері»  атты Халықаралық   ғылыми-практикалық конференцияға  қатысуға шақырады.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


 

Хабарландыру!

Семей мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ Шығыс Қазақстан облысы мектептері, гимназиялары, лицейлері мен колледждері мұғалімдерінің
1) бір апталық (36 сағат) біліктілікті арттыру курстарын 2012 жылдың 26 наурыздан 31 наурыз аралығында келесі тақырыптар бойынша өткізеді:
- Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жұмысының қазіргі мәселелері;
- Ағылшын тілін оқытудағы жаңа әдістер мен бағыттар;
- Білім беру ұйымдарында дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі мен теориясының жаңа бағыттары;
- «Өзін - өзі тану» курсын оқытуда ақпараттық – коммуникативті технологияларды қолдану;
- 12 жылдық білім беру жүйесінде музыкалық білім мамандығы бойынша модульдік технологияны оқыту.
2) үш күндік (18 сағат) біліктілікті арттыру семинарын 2012 жылдың 26 наурыздан 28 наурыз аралығында келесі тақырыптар бойынша өткізеді:
- Білім беру жүйесіндегі басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау (білім жүйесінің басқарушы мамандарына арналған);
- Мультимедиялық әдістерді қолдану арқылы оқытудың жаңа технологиялары;
Оқыту тілі – қазақша және орысша. Сабақ 14.00 ден 18.30 сағат аралығында өтеді. Сабақ ақы төлеу негізінде ұйымдастырылады. Біліктілікті арттыру курсының ақысы – 7000 тенге, семинар ақысы – 4000 теңге.
Курс аяқталуымен бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.
Біліктілікті арттыру курстарына тапсырыс 2012 жылдың 26 наурызына дейін қабылданады.
Курсқа қабылдану үшін тыңдаушылар төмендегі құжаттарды өткізуі тиіс: жеке куәлігінің көшірмесін, диплом көшірмесін, оқудың ақысы төленгені туралы құжат, бекітілген үлгідегі өтініш.
Тел: 8(7222)77-32-09, E-mail: rcpk@sgpi.kz


Хабарландыру!

20.02.2012ж.-25.02.2012ж. уақыт аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтында Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы және Семей мемлекеттік педагогикалық институты «Болондық процесті жүзеге асыру барысында мұғалімді инновациялық іс-әрекетке даярлау - педагогикалық білім беруді жаңашаландыру механизмі ретінде» атты Халықаралық семинар- мәжілісі аясында «Білім берудегі халықаралық әлеуметтік коммуникация» бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттардың қысқа мерзімдік интернатурасы өтеді ( Байланыс телефоны – 87222 53-11-00).


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Ұлттық ғылыми кеңес шешімі негізінде 2012-2014 жылдарға ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың гранттық қаржыландырылуы бойынша конкурс қорытындысын жариялады

Конкурс жеңімпаздары


Хабарландыру!

2011 жылдың  желтоқсан айында СМПИ кітапханасына келіп түскен жаңа әдебиеттер тізімі